7 C
Нур-Султан
22.09.2021

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады.

Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбек шартын жасамастан 14 жасөспірімді жұмысқа тартып, олар күні бойы еңбек еткен. Қазір елде балалар еңбегін қанауға қарсы ұлттық ақпараттық науқан өткізілуде.

«Ақпараттық науқан еліміздің барлық өңірінде жүргізілді. Түсіндіру жұмыстары барысында Түркістан, Қарағанды және Ақмола облыстарында балалар еңбегін заңсыз пайдалану фактілері анықталды. Дәмханада даяшы және құрылыс алаңдарында жұмысшы болып еңбек еткен 14 жасөспірімнің құқығы бұзылды. Жұмыс берушілер оларды заңсыз негізде толық жұмысқа тартқан. Заң бойынша 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар үшін қысқартылған жұмыс уақыты белгіленуі керек. Сондай-ақ жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен еңбек шарттары жасалмаған», деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Балаларды еңбекке заңсыз тарту фактілері анықталғаннан кейін жұмыс берушілермен және кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес, 14 жасқа толған оқушыларға оқудан бос уақытта денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыстарды орындауға рұқсат етіледі. 14-16 жас аралығындағы балалар аптасына 24 сағаттан, 16-18 жастағы жасөспірімдер аптасына 36 сағаттан артық жұмыс істемеуі қажет. Бұл ретте, жұмыс беруші кәмелетке толмаған баланың өзімен, оның ата-анасымен, қамқоршысымен немесе бала асырап алған ата-анамен еңбек шартын жасауға міндетті.

Гауһар ҚАПАШ
«Егемен Қазақстан» газетінен алынды

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білім министрлігі барлық өңірлеріндегі жауапты басшылардың ұялы телефонын жариялады

Білім министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің бірінші басшыларының, сондай-ақ олардың орынбасарларының ұялы телефон нөмірлерін жариялады. «Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің...

Гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кеңейтілген мәжілісі аясында гуманитарлық білім саласында қазақ тіліндегі 100 оқулық таныстырылды. Бұл...

ШҚО-да 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді

Шығыс Қазақстан облысында 10 білім беру мекемесі мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Биылдан бастап мектептер мен балабақшалар білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттаудан өтеді....

Дүние­жүзілік үздік ұстаздардың топ елулігінде қазақстандық мұғалім бар

Жуықта Varkey қоры «Әлем мұғалімі» жаһандық сый­лығына үміткер үздік ұстаздардың есімін атады. Дүние­жүзілік байқауда үздік елуліктің қатары­на кіргендердің қатарында Се­мей­дегі Назарбаев зияткерлік мекте­бінің мұғалімі...

Тағылымдамаға жіберілетін ғалымдар іріктелуде

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелге тағылымдамаға жіберілетін ғалым­дарды іріктеу жалғасып жатыр. Жетек­ші мамандар мемлекет есебінен әлемнің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орта­лықтарында тағылымдамадан өтіп,...