27.07.2024

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар!
2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады.

Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш беру үшін:
1️⃣app.testcenter.kz сайтына кіреді және интерфейс тілін таңдайды;

2️⃣өтініш беру жүйесіне электронды пошта арқылы тіркеледі (электрондық поштаға келген хатта міндетті түрде электрондық поштаны растау қажет);

3️⃣түсушінің электронды поштасына жіберілген логин мен пароль арқылы авторизациядан өтеді (электронды поштаға келген логин мен парольді тестілеуге кіргенге дейін өшірмеу қажет);
4️⃣ЖСН көрсетіп іздеу батырмасын басады (А.Т.Ә. автоматты түрде шығады) және телефон нөмірін көрсетеді;
5️⃣ «өтініш беру» парақшасына өтіп, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» таңдайды;
6️⃣қажетті тестілеу түрін таңдайды;
7️⃣тіркеу деректерін толтырады;

8️⃣түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;

9️⃣төлем жасау әдісін таңдап, тестілеуге төлем жасайды.
✅Түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру ҚАЛАСЫН таңдайды.
‼️ МАҢЫЗДЫ: ТЕСТІЛЕУ ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 18 ШІЛДЕДЕ ТҮСУШІНІҢ ЖЕКЕ КАБИНЕТІНДЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛАДЫ.
-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА