27.07.2024

Болашақ мұғалімдер мен денсаулық сақтау қызметкерлеріне кеңес

2018 жылдан бастап «6В01 -Педагогикалық ғылымдар» және «6В10 – Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру бағдарламаларын таңдағандар үшін арнайы емтихан (педагогикалық жағдаяттар/психометриялық тестілеу) тапсыру міндетті.
Биылғы талапкерлер үшін 20 маусым – 24 тамыз (әр университетте әртүрлі болуы мүмкін) аралығында өткізіледі.
Арнайы емтиханда ұпай берілмейді, тек 《өтті/өтпеді》деген анықтама беріледі.
Сұрақтар өте жеңіл, жағдаяттық тапсырмалар беріледі. Өтпей қалған жағдайда (негізінде өтпей қалу мүмкін емес) 130 балл алсаңыз да, грант конкурсына қатыса алмайсыз.

Тапсыру міндетті
Бір талапкер бір рет қана тапсыра алады.
Келесі мамандықтардың бірін таңдап отырсаңыз, уақытында тапсырып үлгеріңіз.
Педагогика бағыты бойынша:
В001 – Педагогика және психология;
В002 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
В003 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;
В004 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау;
В005 – Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау;
В006 – Музыка мұғалімдерін даярлау;
В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау;
В008 – Құқық негіздері және экономика мұғалімдерін даярлау;
В009 – Математика мұғалімдерін даярлау;
В010 – Физика мұғалімдерін даярлау;
В011 – Информатика мұғалімдерін даярлау;
В012 – Химия мұғалімдерін даярлау;
В013 – Биология мұғалімдерін даярлау;
В014 – География мұғалімдерін даярлау;
В015 – Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау (былайша айтқанда тарих);
В016 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
В017 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;
В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау;
В019 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімдерін даярлау;
В020 – Арнайы педагогика мамандарын даярлау.
Медицина бойынша:
В084 – Мейірбике ісі;
В085 – Фармация;
В086 – Жалпы медицина;
В087 – Стоматология;
В088 – Педиатрия;
В089 – Қоғамдық денсаулық сақтау;
В090 – Әлеуметтік жұмыс.
Егер конкурста мұғалімдіктi де, медицинаны да таңдайтын болсаңыз, екеуін де тапсыру қажет.
Арнайы емтиханды кез келген университеттің сайтына кіріп ОНЛАЙН түрде тапсырады. Қажетті құжаттар тізімі де сайттарда толық жазылған. Негізінен, ҰБТ сертификаты, ТЖК, ЖСН сияқты мәліметтер. Сол үшін екі ҰБТ-ны да тапсырып болған соң ғана, тапсырған дұрыс.
Бір анықтама барлық университетке жарамды. Мысалы, мұғалімдік бойынша жалпы конкурс Абай ат. ҚазҰПУ және арнаулы грантпен ПГПИ таңдасаңыз, екеуіне де бөлек тапсыру ҚАЖЕТ ЕМЕС. Бастысы “Тапсырды/Өтті” деген анықтама болса болды.
P.S. Құжат тапсыру жақындап қалғандықтан, барлық жаңалықтардан хабардар болып, құжаттарды дайындауда, конкурс жазуда мұқият болу керек. Болмашы қателіктер грант конкурсында кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қанай Гүлбану Бақытханқызы,
Республикалық QAZBILIM орталығы химия пәні мұғалімі
-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. саламатсызба тест тапсырган туралы справканы калай скачать етип аламыз

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА