27.07.2024

Дарынды оқушылар 245 медаль жеңіп алды

Өңірімізде жыл сайын оқу жылының соңында республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында жүлдегер атан­ған жас дарындармен кездесу өтеді. Биылғы кездесуге олимпиадалардың 52 жеңімпазы және «Ең үздік олим­пиадалық мектеп – 2021» дипломының иегерлері – маман­дандырылған мектеп директорлары мен мұғалімдер қатысты.

Облыстық білім басқар­масы­ның мәліметінше, жалпы, облыстың дарынды оқу­шы­лар құрама командасы рес­пуб­ли­калық және халық­ара­лық олим­пиадаларда биыл 245 медаль жеңіп ал­ған. Бұл медаль­дар­дың 37-сі халық­ара­лық, 208-і республи­калық дең­гейде өткен жарыстарда берілген.

Республикалық олимпиа­да­ның қорытындылары бойынша облыс құрамасы командалық екін­ші орынды иеленіп, «Үздік олим­пиадалық команда-2021» сер­ти­фикатымен марапатталды. Облыс құрамасы 14 алтын, 14 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды.

Ал кездесуге келген дарын­ды балаларға арналған ма­ман­­дандырылған мектептер мен жал­пы орта білім беретін мектеп­тердің 50 оқушысын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов алғыс хаттармен марапаттап, әрқайсысына 100 мың теңгелік сертификат та­быс етті.

Сонымен бірге еліміздегі «100 үздік мектеп» қатарында көрінген дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі­нің директоры Гауһар Бабы­қова,­ «Жас дарын» мамандан­дырыл­ған мектебінің директоры Гүлнәр Жанғазы және №3 гим­назия мектебінің директоры Қорлан Құсбекова да марапатталды.

Отбасында екі-үш баладан олим­пиада жүлдегерлерін өсі­ріп тәрбиелеген, ерекше білім алуы үшін қамқорлық пен қолдау көрсеткен Жанат пен Әсем Дүйсембековтер, Вадим, Танзиля Бочкаревтар, Тал­­ғат Құсайынов пен Динара Құр­мановалар сияқты ата-аналарға да ерекше құрмет көр­сетілді.

– Біздің мектеп мұғалім­де­рі ­О.Колдашева, Т.Рубцова, Л.Стадникова, Ю.Якутович, С.Васина математика, химия, ағыл­шын тілі, информатика пән­дерінен жыл сайын олимпиада жүлдегерлерін дайындайды. Еліміздің болашағына үлес қосатын дарынды оқушы­ларымыз Д.Рахимжанов, А.Дра­­ган­чук, Л.Владимир, А.Горь­ков, А.Шишкин, Д.Нұр­таев, Ә.Мақашев сияқты оқу­шылар­мен мақтанамыз. Осын­дай дарынды бала тәрбиелеп өсірген ата-аналарға алғыс біл­діреміз, – дейді лицей директоры Гауһар Бабақова.

Ал республикалық пән олим­­пиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қа­­ты­­­сып, бірінші орынды же­ңіп алған көпсалалы да­рын­­­ды балаларға арналған ли­цей-интер­натының оқушысы Ка­­рина Рабэ сынақтарды онлайн режімде тапсырып, олим­пиадалық сайыстардың жаңа форматын меңгергенін айтты.

Облыс орталығындағы қала мектептерінің оқушылары Әсем Досмұхамбет, Алина Кузят, Ғұмар Ернұр, Нұрболат Ару­жан, Мартенс Мила, Виктория Бочкарева, Диана Вакулина, Богдан Борецкий, Ару­жан Жанат, Омар Закиров «Алтын медаль» иегерлері атанды.

– Мен де қалалық, облыстық және республикалық пән олим­пиадаларының жеңімпазы атандым. Үлкен ізденіс, білімге талпыну Беркли Калифорния универ­ситетіне оқуға түсу­ге жол ашты. Сіздерге де үл­­кен жолда сәт-са­пар бол­сын!­ – дейді кездесуге қатысу­шы­ларды құттықтаған облыс орталығындағы №39 мек­теп­тің 2009 жылғы түлегі Бауыржан Шайхин.

Бауыржанмен бірге Кенже­көл ауылы мектебінің түлегі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің докторан­ты Ақжан Егінбаева да оқу­шы­ларға өз тілегін арнады.

– Олимпиада – жеке тұлға мен зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуға арналған қуатты ресурс. Бұл сіздерге рухани күш пен қабілеттеріңізге сенімділік береді, – деді.

Халықаралық және респуб­ликалық олимпиа­далардың жеңім­пазы Антон Драганчуктың айтуын­ша, павлодарлық жас физиктер құрамасы өкілдерінің дарынды балаларға арналған №8 лицей­дің мұғалімі Анатолий Били­дасыз жетістікке жетуі мүм­­кін емес.

– Еліміздің ұлттық құра­масына әр өңірден ең үздік 20 физик жиналды. Бақылау тес­тінің нәтижесі бойынша
8 оқу­шы таңдалды. Биыл осы қатар­да біздің лицейдің үш оқу­шысы болды. Біздер Назар­баев зият­керлік мектептері мен республикалық физика-мате­матика мектептері сияқты бел­гілі оқу орындарының оқу­шы­ларынан да үздік атандық. Әрине, бұл жеңісіміз үшін Ана­толий Били­даға рахмет! – дейді А.Драганчук.

Сондай-ақ дарынды бала­ларға арналған Абай атындағы гимназия мектебінің оқушылары пән олимпиадаларында 40-тан аса республикалық, 50-ден аса облыстық деңгейдегі жүл­де­лерге ие болды.

Мектеп директоры Салтанат Шабажанованың айтуынша, 10-сынып оқушысы Айжан Кен­жебаева биыл халықаралық олим­пиа­даларда екі күміс, үш қола медаль иегері атанған. Мектепте оқу­шы­лар үшін Gymnasium LIVE, Daryn, My first Lab жобалары жүргізілуде.

 

Фарида БЫҚАЙ
Павлодар облысы

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА