26.05.2024

Арнайы педагогтер дайындау гранты екі есе көбейтілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында ерекше балаларды дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім беру тетіктерін дамыту өте маңызды. Балалардың сапалы білімді алу құқығын қамтамасыз ету үшін арнайы педагогтерді дайындауға арналған грант санын соңғы жылда 2 есе көбейттік. Ерекше балалардың колледждерде мамандық алуын қамтамасыз ету үшін қабылдау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Мектептердің осы ерекше балаларға қажетті жағдай жасап, оларды мектепке қабылдануын ынталандыру үшін жан басына қаржыландыру әдістемесінде 2 есе аранайы коэфицент қарастырылды», – деді ведомство басшысы.

Министр көптен бері көтеріліп жүрген мектептерге педагог-ассистент мамандығын енгізу мәселесі де шешімін тапқанын еске салды.

«Мектептерде педагог-ассистент арнайы штатын енгіздік. Енді олар осы ерекше балаларға қолдау көрсетіп, бірге жұмыс істейді. Әкімдіктер осы ПМПК (психология-медицина-педагогикалық комиссия ) желісін жетілдіру бойынша жұмыс істеуін сұраймын. Өйткені Түркістан, Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында бұл проблема әлі де өзекті. Егер осы балалардың ауытқуларын ерте жастан анықтамай, түзету жұмыстарын жүргізбесек, әрине, бұл балаларға өте қиын болады», – деді министр.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА