26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Мектеп оқушылары 20 млн теңге ұтып алды

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы «Шымкент жастар лигасы» бәсекесінде шахматтан жеңімпаздар анықталды.

Биыл 1 наурыздан бастап оқушылар төрт спорт түрінен – волейбол, футбол, баскетбол және шахмат ойындарынан сынға түсуде.

Шахмат ойынында А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназия шәкірттері жеңімпаз атанды. № 9 мектеп-лицей екінші, № 23 мектеп үшінші орынды иеленді.

а Қала басшысы зияткерлік ойын бәсекесінде үздік шыққан командаларды марапаттады. Шаһар басшысы пандемия кезеңінде шахмат ойыны бұрынғыдан да зор маңызға ие бола түскенін, мегаполистің шахматшылары онлайн-турнирлерде үздік нәтиже көрсеткенін атап өтті.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында биыл алғаш рет «Шымкент Жастар Лигасы» өтіп жатыр. Шахмат әлемдегі кең таралған ойындардың бірі саналады. Шахмат адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, қиын сұрақтарды шешіп, күрделі идеяларды ойлап табуға септігі мол. Шахмат ойынынан Шымкент қаласында да жеңісті дәстүр бар. Көптеген халықаралық додаларда Әнұранымызды шырқата білген алғашқы гроссмейстер Гүлісхан Нахбаева және Жансая Әбдімәлік Шымкент қаласының тумасы.

Осы оқу жылында Қазақстанда тұңғыш рет Шымкент мектептерінде шахмат ойыны енгізілді. Сіздерге шахмат спортына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін және жаңа табыстар тілеймін, – деді қала әкімі.

с

Жеңімпаз командаға 20 млн теңге табыс етілді. Қалған жүлдегерлер диплом және Кубоктармен марапатталды. Мектептің бұл қаражатты қайда жарататынын, мектеп мұқтажына жарату шартымен білім ордасы ұжымының өзі анықтайды.

Бүгінде «Шымкент жастар лигасына» қатысуға 140 білім ұйымынан, 536 командадан өтініш түскен. Ойындарды үйлестіру үшін 420 денешынықтыру маманы жұмылдырылып, тікелей 8 569 оқушы қатысуда. Ал шахмат ойындарына жалпы 140 мектеп қатысуға өтінім  білдіріп, 560 оқушы бақ сынады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...