27.07.2024

Биыл астанада 12 мектептің құрылысы бітеді

Елордаа әкімдігі жыл соңына дейін 40 мың орындық 12 мектепті қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі редакцияның сауалына берген жауабында айтты.

«2021 жылдың соңына дейін 40 мыңнан астам оқушыға арналған 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда», – деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері өндірістік жұмыстар кестесі бойынша 4 дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.

Жауапта «Байқоңыр» және «Сарыарқа» аудандарындағы, Көктал тұрғын массивіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы тамыз айына дейін бітуі тиіс екені де айтылған.

Ал желтоқсан айында «Алматы» және «Есіл» аудандарыы мен «Железнодорожный» және Ильинка тұрғын массивінде осындай нысандарды қолданысқа беру жоспарланған.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА