12 C
Нур-Султан
21.06.2021

Министр мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдау туралы айтты

Біздің басты мақсатымыз — қазақстандық білім мен ғылымның әлеуетін барынша күшейту үшін «жастық пен тәжірибенің үйлесім табуын» қамтамасыз ету. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазды.

Жаңа көзқарасы бар жас кадрларды жұмысқа қабылдай отырып, тепе-теңдік пен ұрпақтар сабақтастығы сақталатын болады. Министрлік тарапынан іске асырылып жатқан кадрлық саясат туралы қоғамда неғұрлым толық және объективті түсінік қалыптастыру мақсатында алдағы бірнеше аптаның ішінде жаңадан тағайындалған басшылар кішігірім сұхбат береді.Сұхбат барысында жас көшбасшылар басқарып отырған ұйымдарын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспарын (1), жүзеге асырылатын негізгі реформалар (2), жұмыс жоспарын іске асыру үшін жүйеге тартылатын ресурстар (3) және жаңа басшының тағайындалуынан бастап ұйымның алдағы уақытқа жоспарланған жұмыс нәтижелерімен (4) бөлісетін болады.

Сонымен қатар бұл жұмысты жүйелі түрде жалғастыру үшін жақын арада біз жаңа жоба бастайтын боламыз. Атап айтсам, «Кадрлық резерв» жобасы. Біз білім және ғылым жүйесінде басшылық лауазымға ұсыну үшін табысты әрі дайындығы мықты үміткерлерді іріктеуді жоспарлап отырмыз», — деді министр.

Жоба бойынша іріктеу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат жеке жарияланады.

«Бұдан бөлек жақын арада біздің бастамамызбен жүзеге асырылатын директорларды ротациялау институты, оларды тағайындаудың жаңа қағидалары және мұғалімдерді жұмысқа конкурс арқылы қабылдаудың жаңа жүйесін енгізетін нормалар жүзеге асырыла бастайды», — деп түйді министр.

Еске салсақ, бұған дейін Асхат Аймағамбетов кез-келген саланың серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін басқарушы элитаны үнемі жаңартып отыру қажеттігі туралы айтты.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ФБ парақшасында жазды. Осылайша,...

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...