27.07.2024

ҰБТ-2021 кездесетін тарихи даталар тізімі

«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

1.

Б.з.б. 2 млн 600–12 мың жыл – Ежелгі тас дәуірі.

2.

Б.з.б. 2 млн 600–40 мың жыл – Ерте палеолит.

3.

Б.з.б. 2 млн 600–800 мың жыл – Ерте палеолиттің олдувэй кезеңі.

4.

Б.з.б. 800–140 мың жыл – Ерте палеолиттің ашель кезеңі.

5.

Б.з.б. 140–40 мың жыл – Ерте палеолиттің мустье кезеңі.

6.

Б.з.б. 40–12 мың жыл – Кейінгі палеолит.

7.

Б.з.б. 12–5 мың жыл – Орта тас дәуірі (мезолит).

8.

Б.з.б. 5–3 мың жыл – Жаңа тас дәуірі (неолит).

9.

Б.з.б. 2 мың жыл–б. з. б. VIII ғ. – Қола дәуірі.

10.

Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасы – Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгеруі.

11.

Б.з.б. VIII ғ.‒б.з. VI ғ. ‒ Ерте темір дәуірінің хронологиясы.

12.

Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.

13.

Б.з.б. 209 ж. ‒ Хунну (Ғұндар) державасының құрылуы.

14.

Б.з.б. 530 ж. ‒ Томирис патшайым бастаған сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.

15.

Б.з.б. V‒IV ғғ. ‒ Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» өмір сүру кезеңі.
16. 552 ж. ‒ Түрік қағанатының құрылуы.

17.

704 ж. ‒ Түргеш қағанатының құрылуы.

18.

751 ж. ‒ Атлах шайқасының болған уақыты.

19.

870–950 жж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.

20.

960 ж. ‒ Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы.

21.

973–1050 жж. – Әбу Райхан әл-Бирунидің өмір сүрген жылдары.

22.

XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының билік құруы.

23.

1021–1075 жж. – Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары.

24.

1030–1090 жж. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары.

25.

1103–1167 жж. – Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүрген жылдары.

26.

1465‒1466 жж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы.

27.

XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.

28.

XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының шығуы.

29.

1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.

30.

1582‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.

31.

1598–1628 жж. – Есім ханның ел билеуі.

32.

1628–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі.

33.

1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы.

34.

ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.

35.

1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»

(«Ұлы апат жылдары») басталуы.

36.

1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы.

37.

1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы.

38.

1731 ж. – Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі.

39.

1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.

40.

1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

41.

1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.

42.

1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

43.

1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.

44.

1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.

45.

1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.

46.

1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы

Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.

47.

1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.

48.

1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.

49.

1917 ж. – «Алаш» партиясының құрылуы.

50.

1917 ж. ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.

51.

1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.

52.

ХХ ғ. 20-30 жылдары ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.

53.

1920–1940 жж. – Жаппай саяси қуғын-сүргін.

54.

1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға

көшірілуі.

55.

1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк

педагогикалық институтының ашылуы.

56.

1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына

көшірілуі.

57.

1932 ж. – Сталинге аштыққа байланысты, апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің хат жазуы. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев («Бесеудің хаты»).

58.

1936 ж. – Қазақ АКСР-iн одақтық республика етiп қайта құрылуы

(ҚазКСР).

59.

1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.

60.

1939 ж. – Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.

61.

1941–1945 жж. – Ұлы Отан соғысы.

62.

1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.

63.

1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.

64.

1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.

65.

1956 ж. – Жалпыға бiрдей мiндеттi жетi жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

66.

1959 ж. – Жалпыға бiрдей сегiз жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.

67.

1960–1962, 1964–1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болып қызмет етуi.

68.

1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.

69.

1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.

70.

1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерудің өтуі.

71.

1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы.

72.

1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,

Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.

73.

1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.

74.

1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.

75.

1991 ж. ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.

76.

1991 ж. – Семей ядролық полигонының жабылуы.

77.

1991 ж. ‒ Н. Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.

78.

1991 ж. ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.

79.

1992 ж. ‒ Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі: Ту, Елтаңба және Әнұран.

80.

1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.

81.

1993 ж. ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.

82.

1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.

83.

1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).

84.

1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.

85.

2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезінің өтуі.

86.

2010 ж. ‒ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.

87.

2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.

88.

2017 ж. ‒ Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.

89.

2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.

«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ

Ежелгі дүние тарихы

1.

Б.з.д. 1792-1750 жж. – Хаммурапи Вавилон мемлекетінде патшалық етті.

2.

Б.з.д. VII ғасыр – Ассирия ежелгі дүниедегі қуатты әскери мемлекетке айналды.

3.

Б.з.д. VI ғасыр – Парсы патшалығының құрылуы.

4.

Б.з.д. 594 ж. – Солон Афиныда архонт (билеуші) болып сайланды. Солон реформалары.

5.

Б.з.д. 519-518 жж. – І Дарийдің сақтарға қарсы жорығы.

6.

Б.з.д. 509 ж. – Римде республика орнады.

7.

Б.з.д. V ғ. – Афины Ежелгі Грекияда қуатты демократиялық мемлекетке айналды.

8.

Б.з.д. IV-III ғғ. – Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды.

9.

Б.з. 395 ж. – Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.

10.

Б.з. 452 ж. – Аттила өз әскерімен Солтүстік Италия жеріне басып кірді.

11.

Б.з. 476 ж. – Батыс Рим империясының құлауы.

Орта ғасырлар тарихы

12.

481-511 жж. – Франк мемлекеті мен меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.

13.

532 ж. – Константинопольдегі «Ника» көтерілісі.

14.

570-632 жж. – Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.

15.

661-750 жж. – Араб халифатында Омейя әулетінің билік етуі.

16.

711-718 жж. – Арабтардың Испанияны жаулап алуы.

17.

882 ж. – Киев Русі мемлекетінің құрылуы.

18.

995-997 жж. – Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед Хорезмшахтардың біртұтас мемлекетін құрды.

19.

1040-1060 жж. – Тоғрыл-бек Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды.

20.

1096-1099 жж. – Бірінші крест жорығы.

21.

1265 ж. – Ағылшын парламентінің құрылуы.

22.

1302 ж. – Францияда Бас штаттар шақырылды.

23.

1337-1453 жж. – Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.

24.

1380 ж. – Куликово шайқасы.

25.

1382 ж. – Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.

26.

1453 ж. – ІІ Мехмед басқарған Осман түріктері Константинопольді басып алуы.

27.

1455-1485 жж. – Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.

28.

1517 ж. – Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.

29.

1533-1584 жж. – IV Иванның Ресейде патшалық құруы.

30.

1556-1605 жж. – Ұлы Моғол империясында І Акбардың билік етуі.

31.

1558-1603 жж. – І Елизавета патшайымның Англияда билік етуі.

32.

1566 ж. – Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы.

33.

1603 ж. – Англияда Стюарттар әулетінің билігінің басталуы.

34.

1613-1917 жж. – Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.

Жаңа заман

Шығыс Елдері

35.

1755-1759 жж. – Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алуы.

36.

1774 ж. – Ресей мен Түркия арасындағы Кучук-Қайнар бітімі.

37.

1840-1842 жж. – Қытайдағы бірінші «апиын соғысы».

38.

1856-1860 жж. – Қытайдағы екінші «апиын соғысы».

39.

1858 ж. – Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн шарты.

40.

1867-1912 жж. – Жапониядағы Мэйдзи дәуірі.

41.

1878 ж. – Берлин конгресі. II Абдул-Хамидтің Сербия, Черногория мен Румынияның тәуелсіздігін жариялауы.

42.

1904-1905 жж. – Орыс-жапон соғысы.

Еуропа және Америка

43.

1607 ж. – Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.

44.

1640 ж. – Англиядағы «қысқа парламент».

45.

1653-1658 жж. – Англиядағы О. Кромвельдің протектораты.

46.

1776 ж. – АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.

47.

1787 ж. – АҚШ Конституциясының қабылдануы.

48.

1789 ж. – Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.

49.

1789 ж. – Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясының қабылдануы.

50.

1804 ж. – Наполеон Бонапарттың І Наполеон деген атпен Францияның «императоры» атағын қабылдауы.

51.

1812 ж. – Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.

52.

1813 ж. – Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».

53.

1823 ж. – АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.

54.

1861 ж. – Италия патшалығының құрылуы.

55.

1861-1865 жж. – АҚШ-тағы азамат соғысы

56.

1871 ж. – Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.

57.

1871 ж. – Париж коммунасы.

58.

1882 ж. – Германия, Австрия-Венгрия және Италия араларындағы Үштік Одақтың құрылуы.
 

Ресей

59.

1682-1725 жж. – І Петрдің патшалық етуі.

60.

1700-1721 жж. – Солтүстік соғыс.

61.

1861 ж. – Ресейде басыбайлылық құқықты жою туралы манифест.

62.

1905-1907 жж. – Алғашқы орыс буржуазиялық-демократиялық революциясы.

Қазіргі заман

63.

1914-1918 жж. – Бірінші дүниежүзілік соғыс.

64.

1917 ж. – Ресейдегі Ақпан революциясы мен Қазан социалистік революциясы

65.

1919 ж. – Париждегі бейбітшілік конференциясы.

66.

1921-1922 жж. – Вашингтон конференциясы.

67.

1922 ж. – КСРО-ның құрылуы.

68.

1923 ж. – Түркия Республикасының құрылуы.

69.

1929-1933 жж. – Әлемдік экономикалық дағдарыс.

70.

1933 ж. – Германияда фашистік диктатураның орнауы.

71.

1937 ж. – Жапонияның Қытаймен соғысының басталуы.

72.

1938 ж. – Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия арасындағы Мюнхен келісімі.

73.

1939 ж. – Өзара шабуылдаспау туралы КСРО-Герман пактісі мен құпия хаттамасы.

74.

1939-1945 жж. – Екінші дүниежүзілік соғыс.

75.

1941 ж. – Германияның КСРО-ға шабуылы.

76.

1942-1943 жж. – Сталинград шайқасы.

77.

1942 ж. – Әл-Аламейн (Египет) шайқасы.

78.

1943 ж. – Курск шайқасы.

79.

1943 ж. – Тегеран конференциясы.

80.

1945 ж. – ІІ Дүниежүзілік соғыста Германия мен Жапонияның жеңілуі.

81.

1947 ж. – Трумэн Доктринасы, «Маршалл жоспары».

82.

1949 ж. – НАТО-ның құрылуы.

83.

1950-1953 жж. – Кореядағы соғыс.

84.

1955 ж. – Варшава шартына қол қою.

85.

1956 ж. – Суэц дағдарысы. Египетке қарсы үшжақты басқыншылық.

86.

1958 ж. – Францияда бесінші Республика Конституциясын қабылдау.

87.

1961 ж. – КСРО азаматы Ю.А. Гагариннің ғарышқа алғашқы ұшуы.

88.

1962 ж. – Кариб дағдарысы.

89.

1963 ж. – Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды өткізбеу туралы Мәскеу шарты.

90.

1965-1973 жж. – АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысы.

91.

1968 ж. – Варшава Шартына қатысушы елдердің Чехославакияға әскерлерін енгізуі. «Прага көктемі».

92.

1971 ж. – Бангладеш мемлекетінің құрылуы.

93.

1975 ж. – Хельсинкидегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Еуропа Кеңесінің Акті.

94.

1979 ж. – Иранда шахқа қарсы революция.

95.

1979-1989 жж. – Ауғанстанға КСРО қарулы күштерін енгізу.

96.

1980-1988 жж. – Ирак-Иран соғысы.

97.

1991 ж. – КСРО-ның ыдырауы.

98.

1992 ж. – Еуропалық Одақтың (ЕО) құрылуы.

99.

2001 ж. – Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме.

100.

2008 ж. – Пекин Олимпиадасы.
-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Балалардың миын ашыту ғой мынау! Басқа елде біздің тарихымызды осылай оқытады ма?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА