31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Түркістан облысында сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім директордың қызы болып шықты

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орысша сөздерді ежіктеп оқитын мұғалім балаларға орыс тілі пәнінен сабақ беріп келген. Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №1 мектепте жұмыс істейтін мұғалім тестілеуде шекті балды әрең жинаған. Бұл туралы жергілікті телеарна хабар таратты.

Журналистер мән-жайды анықтау үшін мектепке барады. Бірақ жұмыс уақытында директор орнында болмай шықты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, ол отбасындағы жағдайға байланысты шығып кеткен. Ал сөйлемнің өзін ежелеп оқитын орыс тілі пәнінің мұғалімі 1 наурызға дейін бала оқытып, декреттік демалысқа шыққан.

«Мұғалім директордың қызы ма?», деген сауалға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Иә», деп жауап берді.

Аудандық білім бөліміндегілер мектептегі педагогтарға қатысты барлық жауапкершілік директорға жүктелгенін айтты. Мұғалімді жұмысқа алу не алмау жөнінде шешімді директордың өзі ғана қабылдайды екен.

«Егер де мектепте бос жұмыс орны болса, ол жөнінде хабарлама порталда жариялануға тиіс. Осыдан кейін ниет білдіргендер өтініш жазып, тестілеуден өтуіне болады. Ал сынақтан өтпесе, келесі жолы келіп тапсыруға мүмкіндік бар. Сынақтан өткен талап берушімен сұхбат жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша арнайы комиссия мүшелері мұғалімді жұмысқа алу, не алмау жөнінде шешім қабылдайды», деп түсіндірді Сарыағаш аудандық адам әлеуетін дамыту бөлімінің бас маманы Закир Тұрсынбаев.

Бұл комиссияның төрағасы – мектеп директоры, ал комиссия мүшелерінің қатарында қоғам белсенділері, ата-аналар комитетінің өкілдері бар.

Белгілі болғандай, сынақты мұғалім әрең дегенде тапсырып, шекті 50 балды жинаған екен. Бірақ біліктілігі төмен мұғалімнің балды қалай жинағанына қатысты да сауал туындайды. Жауаптылар «мұғалімнің орыс тілі және әдебиет пәні мамандығы бойынша жоғары білімі бар» деп сендірді. Ал тиісті құжатты жұмыс күнінің соңына дейін көрсететінін айтты.

Ең қызығы, мұғалімнің сабағына аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, деңгейін тексерген. Мұғалімнің біліктілігін тексергендер мен бұл оқиғаға қатысты жауаптылар туралы мәлімет Түркістан облыстық адам әлеуетін дамыту басқармасына жолданды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...