26.04.2024

Республикалық «QAZBILIM» олимпиадасы өтеді

Республикалық «QAZBILIM» орталығының ұйымдастыруымен  26-28 мамыр аралығында 2020-2021 оқу жылының кезекті Республикалық QAZBILIM олимпиадасы өтеді.

Дәстүрлі білім сайысының негізгі мақсаты сапалы білімді ТЕГІН беру. Мектепте жақсы оқитын, бірақ отбасы жағдайы ақылы дайындықты көтермейтін балаларға  мүмкіндік сыйлау.

Елдегі пандемия жағдайын ескере отырып, олимпиада «QAZBILIM» орталығының барлық қалаларындағы бөлімшелерінде санитарлық талаптарды сақтай отырып республикалық деңгейде өткізіледі.

Олимпиада 4-5 және 10 сынып оқушылары арасында өткізіледі! Олимпиадаға қатысу тегін.

✅ 4-5 сыныптар үшін математика және ағылшын тілі пәндерінен,
✅ 10 сыныптар үшін математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәндерінен өтеді.

🔻 Олимпиада екі санат бойынша өткізіледі. Санаттар және отбасы жағдайына байланысты грант үшін құжаттар карусельде көрсетілген.
1️⃣ Білімді оқушылар арасында
✅ Ең жоғары жинаған оқушыларға 100%, 50%, 30%, 20% жеңілдіктер беріледі.
✅ Құжат тапсырудың қажеті жоқ.

2️⃣ Отбасы жағдайына байланысты
✅ Отбасы жағдайына байланысты қатысқан оқушылар арасында 10 оқушыға 100%, 50% тегін гранттар беріледі.
✅ Отбасы жағдайына байланысты грант үміткерлері құжат тапсыруы қажет.
Құжаттар тізімі:
1. Туу туралы куәлік;
2. Отбасы құрамы туралы анықтама;
3. Ата-анасының немесе қамқоршысының куәлігі.

🔻 Гранттар саны қатысатын оқушылар санына қарай өзгеруі мүмкін.
🔻 Ескерту, олимпиадаға алдын ала тіркелу міндетті. Тіркелу http://qazolymp.tilda.ws сайтында онлайн түрде өтеді.

🔻 Тіркелу және құжат қабылдау 15 мамырға дейін қабылданады.

 

Осы араны басу арқылы толық ақпарат ала аласыз.

 

-ЖАРНАМА-spot_img

5 КОММЕНТАРИИ

  1. Саламатсызба окушыларымызды қатыстырайық дегенбіз осы жерге тіркеймізбе

  2. салеметсіздер ме, сілтемені басқанда, парақша табылмады деп тұр. не істесем болады?

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА