20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Мұғалімдер портфолиосын қалай тапсырады?

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Каринова айтты.

Мұғалімдерді аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізуге дейінгі аралықта құжаттарды қабылдау қағаз түрінде болды. Оның ішінде бірнеше деңгейден тұратын аттестациялық комиссияларда өтініштерін қарастыру мәселесі болған. Сонымен қатар тапсырылатын барлық құжат қағаз түрінде тапсырылып келді. Ал мұғалім өз нәтижелерін көргісі немесе өзінің сұрақтарын апелляцияға бергісі келсе, онда нәтижесін көріп, талдау жасап барып беру мүмкіндігі болмаған, — деді ол.

Бүгінгі күні бұл жүйе толық автоматтандырылған. Біріншіден, әр мұғалім өзінің аттестациялау жүйесінде қай санатқа тапсыратындығын қарап, тиісті деңгейін анықтап, құжаттарды онлайн форматта тапсырады.

Өтініш тапсыру кезінде өзіне қолайлы уақытты, күнді таңдайды. Тестілеу кезінде «бір камера-бір қатысушы» қағидатымен және өзінің нәтижелерін бірден көріп, талдау жасап, апеллияция берсе, жауаптарын бір күннің ішінде алуға мүмкіндіктері бар, — деп түсіндірді Шолпан Каринова.

Сонымен бірге барлық қазақстандық мұғалім бір жүйеде бір оқу бағдарламалары арқылы осы тестілеуден өтеді.

Биылдан бастап мұғалімдер портфолиосын автоматтандырылған жүйеде тапсырады. Мұғалімнің курстан өтуі, олимпиада, конкурстарға қатысу сияқты материалдар мұғалімнен сұралмайды. Олардың бәрі электрондық жүйеден шығарылып, алынып отырады. Бұл аттестаттау жүйелерінің өзгертіліп, аттестаттау процесіне ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құжаттар, — дейді БҒМ өкілі.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...