-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

2025 жылға қарай Қазақстан мектептерінде орын тапшылығы болуы мүмкін

ҚР Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр мемлекеттік-жекешелік серіктестік желісі бойынша мектеп құрылысына қатысты сұраққа жауап берді.

«Қазіргі кезде ел бойынша мектептегі орын тапшылығы 243 мыңға жетіп отыр, үш ауысымдағы оқыту 137 мектепте жүргізіледі. Өндірістік есептеулерге сәйкес, 2025 жылға қарай аталған орындардың тапшылығы 474 мың болуы мүмкін. Бұған демографиялық әрі көші-қон процестері, мектеп ғимараттарының тозуы әсер етеді. Алайда мемлекеттік мектептер құрылысының қарқыны халықтың демографиясы мен миграциясына сай келмей тұр», — делінген Р. Склярдың депутаттық сауалға берген жауабында.

Орын тапшылығы, үш ауысымдағы оқыту және апатты мектеп ғимараты мәселелерін шешу үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудың қарқынды қадамдары керек.

«Бюджетке бір мезгілде елеулі жүктемені болдырмау мақсатында ірі заманауи мектептер құрылысы мемлекеттік-жекешелік серістестік моделі бойынша жоспарланып отыр», — деп толықтырды Үкімет басшысының орынбасары.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...