17 C
Нур-Султан
09.06.2023

Республикалық олимпиаданың жеңімпаздары анықталды

30 сәуірде Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі аяқталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Оған Қазақстанның барлық өңірінен 1600-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. 122 оқушы алтын медаль, 214 оқушы күміс медаль және 349 қатысушы қола медальға ие болды.

Айта кетейік, олимпиада алғаш рет прокторинг жүйесін қолдана отырып, «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша өткізілді.

«Барлық оқушыларға олимпиадаға қатысып, пәндерді тереңдетіп оқуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығымызды білдіреміз. Сіздерге тек олимпиадада ғана емес, сонымен қатар барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз», — делінген министрліктің құттықтауында.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді. Оның айтуынша,...

Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді

Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға...

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады. Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін...

Ел мектептеріне енгізілуі мүмкін экология бағытындағы оқулық әзірленіп жатыр

Елордада «Экологиялық мәдениетті арттыру және жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөніндегі кешенді шаралар» жобасының іске асырылу барысы баяндалған баспасөз конференциясы өтті. Жиынға экологтар, қаланың...

Қазақстанда шахмат мектеп бағдарламасына енгізіледі

Қазақстанда шахматты дамыту жол картасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова айтты. «Біз 2016...