20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Қазақ халқының рухани құндылықтарында бала тәрбиесіне ерекше мән берілген — Евгений Выблов

Қазақ халқының рухани құндылықтары бала тәрбиесінде ерекше рөл атқарады. Бұл туралы бүгін ҚХА-ның XXIX сессиясында «Үміт» балалар үйінің (ШҚО) көркемдік жетекшісі Евгений Выблов мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Сәби кезімнен анамнан айырылып, «Үміт» балалар үйінде тәрбиелендім. Менің анамның есімі Надежда болатын, яғни қазақша «Үміт» дегенді білдіреді. Тәуелсіздік жылдарында қазақ халқы рухани құндылықтарын жаңғыртты, бұл құндылықтарда жетімді жылатпауға айрықша мән берілетінін түсіндім. Қазақстан халқы ата-бабаларының дәстүрін жалғастырып, бала жүрегін мейіріммен, қамқорлықпен жылытады. Сондықтан мен өзімді жетім ретінде сезінбедім. Әрине, балалар үйінде өмір сүру оңай емес. Себебі балалар анасы мен әкесін күтіп, үмітін үзбейтіні анық. Олар үшін ең жақын адам ретінде тәрбиешілер, күтушілер мен аспазшылар болады», — деп тоқталды Евгений Выблов.

Осы орайда ол бүгін ҚХА мінбесінен аталған балалар үйінің директоры Майра Баймұхановаға алғысын айтты.

«Оның аялы алақаны мыңнан астам баланы аналық қамқорлыққа бөледі. «Үміт» балалар үйі шағын ассамблея іспеттес. Мұнда бір-бірімізді ұлтқа бөлу дегенді білмейміз. Біз баршамыз бір үйдің баласындаймыз, себебі барлығымыз үлкен елдің өрендеріміз», — деді Е. Выблов.

Оның айтуынша, «Үміт» шығармашылық тобы әлемнің бірқатар еліне сапармен барып, халықаралық конкурстар мен фестивальдерге қатысқан.

«Қазір аяғыма нық тұрған азаматпын. Үйленіп, пәтерлі болдым және жүрегім қалаған қызметті атқарып келемін. Өзімнің тәрбие алған үйіме тәлімгер ретінде оралдым. Дұрыс таңдау жасап, лайықты орнымды тапқаным үшін шексіз ризамын. Мен — Тәуелсіздік құрдасымын! Балаға деген қамқорлыққа ерекше мән берілетін мемлекетте өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын», — деді ол.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...