12 C
Нур-Султан
10.05.2021

Қазақстанда білім беру саласы қалай күн көреді?

Қазақстанның бизнес портфеліндегі білім беру саласының үлесі 2016 жылдан 2020 жылға дейін 2%-дан 0,6%-ға дейін төмендеді. Білім беруді дамытуға жұмсалған қаржы жүктемесі мемлекеттік бюджетке түседі. 2020 жылы бюджеттен білім беруге 81,1% инвестиция құйылған. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 57,6% болған.

Еnergyprom.kz–тің хабарлауынша, 2015-2019 жылдары мемлекеттік бюджеттен білім беру саласына жұмсалған шығыс көлемі ЖІӨ-нің 3,2% -3,6%-ын құрады.

Білім беру, инвестиция

2015-2019 жылдары мемлекеттік бюджеттің білім беруге арналған шығыстары елдің ЖІӨ-нің 3,2% -3,6% арасында болды. ЖІӨ-ге пайыздық қатынастағы инвестициялардың мұндай деңгейі өте төмен: ол әлемнің көптеген елімен салыстырғанда да аз көрсеткіш, әрі ЮНЕСКО ұсынған деңгейге де жетпейді (ЖІӨ-ге 5% -7%).

Қазақстанда білім беру саласының дамымауы 2020 жылы адами капитал индексіндегі көрсеткіштің төмендеуіне себеп болды: Қазақстан 51-орынға тұрақтады, ал 2019 жылы 50-орында болды. Адами капиталды дамытудың маңызды өлшемі – жоғары білім деңгейі. Қазақстанда 2020 жылдың төртінші тоқсанында жоғары білімі бар жұмыспен қамтылған халық үлесі 42,6%-ға жетті. Дамыған елдер мұндай көрсеткішті кем дегенде 50%-ға жеткізуді көздеп отыр.

білім беру

АҚШ-тағы білім беру саласының жағдай қалай?

2019 жылы АҚШ-тағы барлық білім беру қызметтері нарығының мөлшері 1,62 трлн доллар болды, ал студенттік несиелер бойынша қарыз көлемі – шамамен 1,54 трлн доллар. Ондағы білім беру несиелері ипотекадан кейінгі қарыздардың ең үлкен санатына жатады, ол тіпті өтелмеген автокредиттер сомасынан да асады.

Кейінгі мәліметтер бойынша қарыз алушылардың саны 44 миллион адамнан асады, қарыздың орташа мөлшері — 32 731 доллар, ай сайынғы төлем – 393 доллар. Студенттік несиенің 300 миллиард долларын 50 жастан асқан адамдар алған.

Студенттердің қарызы АҚШ банк жүйесіне қатты әсер етпейді, өйткені ондай несиелердің көпшілігін үкімет қаржыландырады. Яғни, несиелердің қайтарылмауы ең әуелі Америка бюджетінің тапшылығына жеткізеді. Бұл ел бюджетіне шетелдік студенттерден түсетін қаржыны есептемегендегі көрсеткіш. Осылайша елдегі білім беру саласының әлсіреуі экономикасына да кесірін тигізіп жатыр.

білім беру, университет
Фото: Оnlinecoursereport.com

Әлемдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – Гарвард бірінші курс студенттерінің 20%-ы оқуды кейінге қалдырғанын хабарлады. Басқа университеттерде бұл көрсеткіш 40%-ға дейін жетуі мүмкін. Оған басты себеп – қашықтан оқытудың жаңа форматына сенімсіздік қана емес, азаматтардың қаржы жағдайының нашарлауы.

Әрине, Қазақстан мен АҚШ-тың экономикасын салыстыруға келмейді. Дегенмен Америкадағы білім беру саласы қызметтеріне сұраныстың және бұл саланың ел экономкасына әсерінің қаншалықты екенін байқауға болады.

Мейірім Бақытжанова
«Айқын» газінінен алынды

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов. Біз балаларымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан пунктердің біріне барып, талапкерлермен әңгімелесті. Бұл туралы ол өзінің ФБ әлеуметтік желісінде...

Мектептердегі карантин талаптарының бұзылуы: 312 тұлғаға 29 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда бірқатар мектепте маска режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік...

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады. Турку университетінің...

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек...

Қошке Кемеңгерұлы. Жат тіл оқыту әдісі

Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар...