12 C
Нур-Султан
10.05.2021

Қазақстан мен Украинаның білім академиялары меморандумға қол қойды

2021 жылдың 29 сәуірінде Нұр-Сұлтан және Киев қалаларында онлайн режимде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Украина Ұлттық педагогика ғылымдары академиясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Аталған құжатта тараптар ғылыми-педагогикалық потенциалды арттыру, білім беру жүйесіне заманауи педагогикалық және психологиялық технологияларды енгізу, мәдениетаралық тәрбие, салыстырмалы педагогика проблемаларын зерттеу, білім берудегі ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сараптау тағы басқа өзекті мәселелер қарастырылған.Құжатқа Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ғани Бектайұлы Бейсембаев пен Украина ҰПҒ Академиясының президенті Василь Григорович Кремень қол қойды.

Жиын барысында Украина ҰПҒ Академиясының президенті В.Г. Кремень «қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу – білім беруді интернационалдау ісінде үлкен стратегиялық қадам» деп бағалады.

Бұл ретте Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы үлесін ерекше атап өтті.

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА және Украина ҰПҒ Академиясының президенттері Ғ. Бейсембаев, В.Г. Кремень алдағы уақытта өзара ынтымақтастықтың нәтижелі болатынына сенім білдірді.

Аталған маңызды іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30, ағартушы — ұстаз Ы. Алтынсариннің 180 және Ұлттық білім академиясының 100 жылдық мерейтойлары аясында өткізілді.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов. Біз балаларымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан пунктердің біріне барып, талапкерлермен әңгімелесті. Бұл туралы ол өзінің ФБ әлеуметтік желісінде...

Мектептердегі карантин талаптарының бұзылуы: 312 тұлғаға 29 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда бірқатар мектепте маска режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік...

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады. Турку университетінің...

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек...

Қошке Кемеңгерұлы. Жат тіл оқыту әдісі

Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар...