16.06.2024

ҚЫЗДАР УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚЫЗҒАЛДАҚ БАЛЫ ӨТЕДІ

Ертең, 13 мамыр күні сағат 11:00-де Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіде оқу орынның 70 жылдық мерейтойына орай Қызғалдақ балы өтеді.
Жастар саясатын дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Студенттер үйі алаңында өтетін Балға 70 жұп қатысады. Университеттің белсенді студенттері мен Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инжинерлік институты курсанттары өнер көрсететін балда би билейтін 70 жұп белсенді жастардың қатарынан іріктеліп алынды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қызғалдақ балының форматы классикалық Вена балының дәстүрінен ауытқымайды. Балға қатысушы жұптар шара барысында полонез, полька, мазурка мен қорытынды вальс билеп, оқу орынның 70 жылдығына орай «70» деген сан жазады.
«Іс-шараның басты мақсаты – жастарды әлемдік классикалық мәдениетке және рухани байлықтарды дамытуға тарту болып табылады. «Қызғалдақ балы» – ең алдымен достыққа, салауатты өмір салтына және жастардың рухани дамуына арналған іс-шаралар жиынтығы. Шара Қыздардың парасат мектебі атанған Қыздар университетінің 70 жылдық мерейтойына арналады, белсенді студенттердің мерекеге деген арнайы тартуы десем болады», деді Жастар саясатын дамыту бөлімінің басшысы Маржан Ахтаева.
Әсем әуенмен сұлу да көрікті қыз-жігіттердің биін тамашалауға университет ректоры Динар Жүсіпәліқызы бастаған оқу орынның ұжымы мен студенттер қауымы жиналады.
Көрікті шараның куәсі болыңыздар

Өтетін күні: 13 мамыр, 2014 жыл.
Уақыты: 11.00-де.
Өтетін орны: Гоголь көшесі, Шәріпов көшсенің қиылысы. Студенттер Үйі. Жазғы алаң.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА