26.04.2024

BILIM TALQY. Назарбаев зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?

Жаңа жоба - BILIM TALQY!

Республикалық “QAZBILIM” орталығында жаңа жоба, білім саласындағы өзекті мәселелерді сала эксперттерімен ауқымды форматта және қарапайым тілде халыққа жеткізу үшін подкасттар түсірілімі  басталды.

Алғашқы подкаст “Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түсуге болады?” тақырыбында тікелей эфир шықты.

Құрметті ата-ана және талапкер оқушы, егер де сіз еліміздің үздік мектебі НЗМ-ге түсудің нақты жолдары мен аталмыш мектептің өзге мектептерден не артықшылығы бар екенін толық білгіңіз келсе, QAZBILIM TV ютуб арнасындағы алғашқы эфирдегі подкастты жіберіп алмаңыз.

✅ Модератор: Аятжан Ахметжан @aiatjan
Нұр-Сұлтан қаласы, N90 гимназия директоры

Ең алғашқы подкаст қонақтары, білім саласының жілігін шағып, майын ішкен білікті де білімді ұстаздар, көптеген шәкірттері НЗМ грантын иеленген мамандар:

✅ Жанар Елтай @yale_tie
Назарбаев Зияткерлік мектебінің, Назарбаев Университетінің түлегі.
Республикалық “QAZBILIM” орталығы Назарбаев зияткерлік мектебіне дайындық бөлімінің жетекшісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі.

✅ Руслан Төреханов @ruslan_torehanov Дарынды балаларға арналған N2 мектеп интернаты және Республикалық “QAZBILIM” орталығы математика пәні мұғалімі.
Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі.

✅ Арай Байысхан @arai_baiyskhan Республикалық “QAZBILIM” орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Дарынды балаларға арналған мектептерге дайындық бөлімінің жетекшісі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь