04.07.2024

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады. Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша көре аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік:

Биыл Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83,1.  «Жалпы, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында — 3, жоғары оқу орындары базасында — 48, мектептер базасында — 116 пункт болды. Биыл ҰБТ-ға қатысуға 102 мың 447 түлек өтініш жазған. Яғни 102 447 түлектің 98 698-і немесе 96%-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде ҰБТ-ны 77 мың 224 түлек яғни 75%-і қазақ тілінде, 25 177 түлек, яғни 25%-і орыс тілінде тапсырды. Нәтижесінде тестілеуден шекті балды алған түлектердің саны – 84 065 немесе 85%. Өкінішке қарай, шекті балды алмағандардың саны – 14 633 немесе 14%. Сондай-ақ, 9 түлектің ҰБТ нәтижесі жоққа шығарылды. Қазақстан бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде орташа балл – 83. Былтыр ол 80,5% болған, — деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов.

Сондай-ақ, биыл Алғаш рет ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырамын деген 46 өтініш түсті. Бірақ 28 түлек қана ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырды. Оның ішінде 5 оқушы Астанадан, 7 оқушы Атыраудан, 6 оқушы Шымкенттен және қалғандары басқа қалалардан қатысты. ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырғандардың орташа балы – 85, — деді Рамазан Әлімқұлов.

Орталықтың директоры ҰБТ-ны тапсыра алмаған түлектер енді тестті екінші рет қашан тапсыра алатынын айтты.

— Олар 25 шілде мен 3 тамыз аралығында ҰБТ-ны екінші рет тапсыруға өтініш бере алады. Емтиханды тапсыра алмағандар 15 тамыз бен 19 тамыз аралығында ақылы негізде оқу үшін ҰБТ-ны қайта тапсырады. Егер одан өтпей қалса, онда қыста қайтадан өтініш беріп тапсыра алады, — деді.

Қалалар бойынша ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткішті иеленген Алматы түлектері. Ал ең көп таңдалған пәндер комбинациясы-физика математика (26,7% түлек таңдады). Берілген пәндер 52 мамандық бойынша оқуға түсуге мүмкіндік береді. Ал ең кең таралмаған пәндер комбинациясы математика-география, бұл таңдау 18 мамандық бойынша оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Гранты-2018 иегерлері толық тізімі(толық)

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА