|  | 

Білім жарысы

QS рейтингі бойынша Қазақстандық ЖОО – ның ішінде ең жоғары көрсеткіш ҚҰУ еншісінде

QS рейтингі бойынша Қазақстанның тоғыз жоғарғы оқу орыны алғашқы сегіз жүздікке кіреді.
Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандықтарды жоғары біліммен қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында өткен брифингке ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир БАЛЫҚБАЕВ мәлімдеді.
— Қазақстан 2010 жылы Баллон процесіне қол қойып, оның негізгі қағидаларын қабылдаған болатын. Бүгінгі күні соларды іске асырып жатырмыз. Оның негізінде Қазақстанда жоғарғы білімнің үш деңгейі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім берілуде. Одан кейін кредиттік жүйенің қайта есептеу жүйесі еңгізілген. Сонымен қатар, білім сапасын жақсарту жүйесі еңгізіліп, дипломға арнайы қосымша беру қарастырылған. Баллон декларациясының енгізгеніміздің бір себебі — әлемдік интеграция болатын болса, екіншіден оқудың озық технологияларын еңгізудің арқасында білім сапасын көтеру, — деді вице-министр.
«Бүгінгі таңда Баллон декларациясындағы үлкен бір мәселе академиялық ұтқырлыққа келіп тіреледі. Бұл ұтқырлықты біздегі ЖОО-лардың 2000-нан астам студенттері мен ұстаздары, профессор-оқытушылары Американың, Ресейдің оқу орындарына академиялық құрылым бойынша белгілі бір уақытқа барып білім алып жүр. Бұл қазіргі уақытта Еуропада қабылданған үрдістің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде әлемді оқу жүйесінің түрлі рейтингтері шығарылуда. Солардың ішіндегі ең негізгі рейтинг QS рейтингі. Сол рейтинг бойынша біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 299 орында, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 309 орында және жеті жоғарғы оқу орнымыз алғашқы 700-800 оқу орындарының қатарында» деп атап өтті Т.Балықбаев.
«Осындай ұстанымдардың бірі сапамен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі болып табылады. Кейбір университеттердің аккредитациялаудан өтпей қалатын жағдайы белгілі тенденция. Біз осындай жүйені енгіземіз. Осы жүйе бойынша Қазақстан бойынша қазір екі аккредиттеу агенттігі қызмет етіп жатыр. Олармен қатар тағы 8 агенттік біздің ЖОО-ларға аккредитациялаудан өтуге мүмкіндік береді» — деп атап өтті Т. Балықбаев.

kazbilim.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР

  • Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Халықаралық олимпиада Дияр Төленов үшінші жыл қатарынан алтын медаль иеленді

    Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндері бойынша ХVІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына 21 елден 84 команда жалпы саны 599 оқушы қатысқан. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биология бағытындағы 12 сынып оқушысы Дияр Төленов тағы да алтын медальға ие болды. — Біздің Дияр Жәутіков олимпиадасына қатысып, бұған дейін де 2 рет алтын медаль алған еді. Ол өте

  • Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Білім сапасын анықтайтын ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады

    Бүгін ЭЫДҰ PISA-2018 нәтижелерін ресми түрде жариялады. Бұл туралы министр өзінің ФБ әлеуметтік желісінде жазды. Бұл зерттеу 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылықтары бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып табылады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA-2018-де PISA-2009-дағыдай

Пікір қалдырыңыз

Еmail почтаңыз сыртқа жарияланбайды. * белігісі тұрған бағанды міндетті түрде толтырасыз

Аты-жөні *

Email *

Телефоны

Сайт алаңында білім саласы мен ұрпақ тәрбиесіне байланысты өзекті деп санаған ойларыңызға орын береміз.

E-mail: kazbilim@gmail.com

ZERO.KZ HotLog