04.10.2024

Кумекбаева Асия. Қазақ тарихы

Әңгімемді бастайын Сақпен, Ғұнмен,
Олардан соң қозғайын Қаңлы, Үйсінді,
Ежелгі тарих аяқталар Сарматтармен,
Алғашқы көшпенділер солар еді.

*
Орта ғасыр басталды түріктермен,
Түргештер, ержүрек қимақтармен,
Орта ғасыр қағанаттың, ең соңғысы,
Осы кезең аяқталды оғыздармен.

*
Оныншы-он үшінші ғасырларда
Қыпшақ пен Қарақытай болды онда,
Оларды шабамын деп Шыңғыс хан да,
Қоймады шабуылын Жетісуда.

Жіберді Шыңғыс қасқырдайын ұлдарын,
Жошыға тапсырды Сырдың ол қалаларын.
Бір уақытта, шатырда отырған хан,
Інжу бөлді, ренжітпей балаларын.

Жайық пен Ертістің жағысында,
Алтай мен Атыраудың арасында,
Алтын Орда, Ақ Орда хандықтары,
Құрылды Жошы ханның ұлысында.

*
Әбілқайыр Өзбектердің ханы болды,
Ол хан соғыс ашты оңды-солды.
Қасиетті Жетісуды аламын деп,
Моғолстанға шапты бастап қалың қолды.

Әбілқайыр, Есен-Бұға соғысты,
Екеуі Жетісуда тоғысты.
Керей менен Жәнібек келіп еді,
Есен-Бұға ханнан көмек сұрасты.

Есен-Бұға хан сұлтандарды көп тыңдады,
Біраз ойланып, қазақтарға жер таңдады.
Берем деп оларға Шу, Талас, Қозыбасын,
Өзбектен қорғанудың амалын табады.

*
Сонымен он бесінші ғасырларда,
Өзбек пен Моғолдардың заманында,
Құрылды Қазақ хандығы түк соғыссыз,
Жәнібек пен Керейдің бастауында.

*
Ең бірінші болып билікке Керей хан келеді,
Қазақтарды Керей хан бірнеше жыл биледі.
Керейден кейін билікке келді Жәнібек,
Олар тұсында халық екі жүз мыңға жетеді.

Олардан соң Бұрындық келді таққа,
Ұмтылды ол Шайбаниға қарсы жаққа.
Жәнібектің ұлдары арасындағы беделдісі-
Келді Қасым ие болып түрлі атаққа.

Қасым өліп, ұлы Мамаш отырды
Бес жылдай ол хандықты биледі
Мамаштан кейін Тақыр болды басшы,
Одан соң, хан-інісі Бұйдаш болды.

Көз жұмып, Бұйдаш хан аттанғанда,
Қазақтар біразға хансыз қалғанда,
«Қазақтың келесі ханы мен болам» деп,
Келді Қожа-Мақмұт хан тағына.

Бұл ханнан соң бір емес, екі жылдай,
Төртеуі де төрт жаққа ұмтыла алмай,
Төрт сұлтан биледі бір хандықты,
Араға бөтен бір жан артық салмай.

Төртеуінен болды біреу оза шапқан,
Қасымның отауынан бұл хан шыққан.
Атын сұрасаң, болды ол-Хақназар хан,
Қырық екі жыл қазақтың ханы болған.

Таққа, кейін отырды шал сексендегі,
Шығай еді бұл ханның толық есімі.
Қарттық па, әлде тағдыр жазғаны ма?!
Екі жылға созылды оның билігі.

Одан соң таққа отырды үлкен ұлы,
Болған екен осы ханның ашық жолы,
Отырар, Сауран, Сайрам қалаларын
Қайтарды Тәуекел оларды бір жылы.

Бұл ханнан соң інісі таққа келді,
Ер-Есім отыз жыл билік етті.
Бұхарлармен соғысты ұзақ жылдар,
Қайтарды өзбектерден Ташкентті.

Он жетінші ғасырлардың ортасында,
Жәңгірдей хан отырған билік баста,
Жоңғарлар шығыс тұстан шабуылдап,
Жәңгір көзге түсті Орбұлақ шайқасында.

Кейіннен Тәуке ханның билігінде,
Қазақтардың қиын-қыстау кезеңінде,
Жан-жаққа бүкіл қазақ шашырады
Жоңғарлардың шабуылы бітпегенде.

-rVTtB9GMM0*
Осымен әңгімемді аяқтаймын,
Бәйгеге қатысқан мен тұлпардаймын,
Жеңіске деген талпыныс-арманым бар,
Басқалардан оза шауып барғандаймын.

Кумекбаева Асия Шегендыкқызы. Астана қаласында туылған. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 10-сыныбып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-spot_img

1 COMMENT

  1. Асия, осындай Қазақстанның үлгілі патриот қызы болуыңмен мақтан етемін!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА