10.10.2024

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!!!

Ассалаумағаликум Алаш жұрты, құрметті оқырмандар:

Алладан бар қазаққа сый болған, Алашым басқадан азат болған, бабамның арманы орындалған, баласы қызығына бойлаған, бәз біреулер қызығада, қызғанада қарайтын қасиетті де ұлы мереке Қазақ еліінің тәуелсіздік күні құтты болсын!
Алаштың мәңгі аспаны ашық, ұрпағы ұлан асыр бейбітшілігін ғана тойлайтын маңдай бағы бес елі берекелі күндері баянды болсын!!!
Тәуелсіздікке тәуе етіп тату тәтті ғұмыр кешер күндеріміз мәңгілік болғай!
Алдағы жылда шеттегі арманын Қазақ елімен байланыстыратын барша қазақ ата жұрт ауасымен сусындап, Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойын мереймен тойлап, кешесі мақтанышты тарих, бүгіні маңгілікке тұғыр, ертеңі даңықты белес болар Қазақ елінің беделі мен берекесін арттырар қуанышты күндер көп болсын!!!
Айтыскер ақын, Рүстем Қайыртайдың тәуелсіздік күніндегі айтыста :
Алтын торға қамалған ақ тотыдан,
Қу бұтақта сайраған құс бақытты, – деп жырлағаны бар еді. Бұл азат елде азапты ғұмыр кешіп жүрсе де Аллаға шүкір айтатын әр азаматтың жүрек сөзі еді. Тәуелсіздік күні құтты болсын!!! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛЫ ҰҒЫМ

Бойымда бір ыстық қан,
Жадымда ұлы жаңғырық.
Көзімде жасым қыстыққан,
Өз жерімде өзге боп,
Өз үйімде қаңғырып.

Айырып ұлы ұлттықтан,
Бабамды еткен әңгүдік.
Өз үйінде құл тұтқан,
Етектен алып есер кеп,
Есімнен кетті тандырып.

Тек өздерін дүр тұтқан,
Қарашығын қан қылып.
Жамандық іздеп жыртықтан,
Қоқысты келіп түртпектеп,
Қорқаулар жатты таңға ұлып.

Кімде бар деп ұлттық қан,
Қанішерлер қан жілік.
Тойып ішіп торсықтан,
Рухымды жаншып, ұсақтап,
Айдайтындай аң қылып.

Бір Алланы пір тұтқан,
Бабамда бар ед қандылық.
Ұрпағын демеп қолтықтан,
Сыбырлап келіп тіл қатты,
Бодан болма мәңгілік!

Қабағын түйіп қарт өтті,
Бодандық есін жимастан.
Найзағайдай жарқ етті,
Сәуле шашты тарихқа,
Алаш болып түнгі аспан.

Талай рет қанды етті,
Жүзін жуып алды аспан.
Толарсақтан қан кешті,
Жасын ғұмыр жарқ етіп,
Желтоқсан болып үн қатқан.

Тәуелсіз бүгін таң жетті,
Қорқаулармен қоштасқан.
Рухын тіктеп жанды етті,
Жетпіс жылға жекіріп,
Үш ғасырын шаң басқан.

Тәуелсіздік ұлы ұғым,
Тамыры терең қазаққа.
Баянды болсын ұлы күн,
Шуағын шашып ұлтыма,
Нәлет айтсын азапқа.

Аятжан Ахметжан

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА