10.10.2024

Мұғалімдер қағазбастылықтан әлі құтыла алмай келеді

Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Кәрімова мұғалімдер қағазбастылықтан әлі құтыла алмай келе жатқанын мәлімдеді.

Гүлмира Кәрімова министрліктің аппараттық отырысында «Қазір педагогтардан есеп және қағаз талап ету жағдайлары әлі де кездеседі. Әртүрлі тақырыптағы апталықтар, қосымша әзірлеме, жоспар жасау, жеке оқушылармен жүргізілген жұмыстардың есебі, тәрбиелік шаралар бойынша фото немесе бейнесепетер, сілтемелер, бағыттар бойынша папка жинақтау сияқты артық қағазбастылыққа жол беріліп жатыр. Білім мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ақпаратына сәйкес, соңғы бір жылдың ішінде педагогтардың артық қағазбастылықпен айналысуына жол берген 200-ге жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған», – деді.

Оның айтуынша, педагог мәртебесі туралы заңға сәйкес, мұғалімдердің артық қағазбастылықпен айналыуына жол берілмеуі керек. Педагогтар негізгі бес құжатты жүргізуі тиіс. Оқу жылының басталуына дейін біріншіден, пән бойынша орта мерзімді жоспар немесе күнтізбелік тақырыптық жоспарды жасайды (қағаз немесе электронды форматта). Екіншіден, сынып, факультативтік, үйде оқыту, мектеп журналдарын жүргізеді. Үшіншіден, қысқа мерзімді жоспар толтырады. Тоқсан қорытындысы бойынша талдау жасайды және директорлардың орынбасарларына мәліметтерді тапсырады. Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-10 сыныптағы білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижесін тапсырады. Ол да қағаз немесе электронды түрде тапсыруға жатады.

Ал егер мұғалім сынып жетекшісі болса қосымша үш құжатты толтырады. (жұмыс жоспары, табель, білім алушының жеке іс-қағазы).

АЙМАҒАМБЕТОВ НЕ ДЕЙДІ?

Бұл мәселеге байланысты Асхат Аймағамбетов әсіресе сынып жетекшілеріне қатысты әртүрлі құжаттар міндетті болып кететініне наразылығын айтты.

«Міне, қарадым: бір мектепте сынып жетекшісі толтыруы міндетті 19 құжатты енгізіп қойыпты. Осы факт бойынша айналысыңыздар. Тиісті жауапкершілікке тартуды тапсырамын. Керек емес, мұны кім оқиды? Көп мәселе электронды форматта бар. Оның бәрін басып, жинап қойғаннан не пайда? Кішкене соны ойлау керек қой. Қажет емес, тіпті түсініксіз ақпаратты сұрайсыздар. Білім басқармалары өз өңірлерінде жағдайды бақылай алмай отыр ма? Тәртіп орната алмайсыздар ма? Келесі жолы тіпті мектеп директорлары ғана емес, тіпті білім бөлімінің, одан қалды білім басқармаларының басшыларына жазалау мәселесін күн тәртібіне қою керек», – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр әр факт бойынша шара қабылдануы керектігін айтты.

«Егер өңірлерде осындай мәселе болса, демек бұл мектептің немесе білім бөлімі басшыларының мәселесі емес. Бұл мәселені қашанғы айтуға болады. Мұғалім өз ісімен айналысуы керек», – деді ол.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА