-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Аты — қашықтан оқу, заты сол баяғы — сырттай оқу!

Жақында білесіздер, ҚР «Білім туралы» заңына біршама өзгеріс енгізілді. Дәл сол өзгеріс кезінде елімізде тұңғыш рет қашықтан оқу ресми заңдастырылды.
Иә, өзім көп жайтқа сын көзбен қарайтын адам ретінде осы жерде бір мәселеге назар аудартқым келеді.
Қашықтан оқу заңдастырылды, бірақ орта білім деңгейінде елімізде ресми 100% қашықтан оқитын мектеп жоқ, жақын арада болмайды да. Сондықтан ішінара пәндер ғана оқытылуы мүмкін.
Ал, университетте сырттай оқумен тіркеліп қойып, 4 жыл керек кезінде ақшасын аударып қойып, 4 жылдан соң маман бола салатын жағдайдың таяғын жеп, университеттерде сырттай бөлім деген негізінен жабылып болды. Күндізгі бөлімнің білімінен күмән туып жүргенде, әрине, ойланарлық жағдай.
Енді осы қашықтан оқу деген шыққалы, университет қашықтан оқытатын бөлім ашуды да ойлап жатыр, аты қашықтан ғой әрине, бірақ заты сол баяғы — сырттай оқу.
Айтпақшы, бұдан да тыс өрескел дүние бар. Бүгінде біздің елде жатып, өзге елдің бір университетінде қашықтан оқып жатқандар жетерлік еді. Енді сол сорақылық қашықтан оқумен бірге, мектепке жетті.
Қазір Қазақстанда жатып, шетелдің мектебінде ресми сырттай оқып жатқан мектеп оқушылары күннен күнге көбейіп барады.
Мұны кейбір діни ағымдар тіптен өзіне пайдаға асырды. Қазақстан мектептерінде хиджап киюге, паранжа орануға тыйым салынған. Ол ағым өкілдері бұнымен келіспейді. Сөйтеді де, баласын шетелдің бір мектебіне тіркетіп қояды да, оқып жатыр деген қағазын тиісті жерге өткізеді. Ал, шын мәнінде ол оқушылар оқып жатқан жоқ. Кейбірінің оқып жатқан елін айтудың өзі қорқынышты. Күндіз-түні «уағыз» тыңдап, уланып отыр. Бұл қауіп пе? Қауіп!
Айтпақшы, біздегі кейбір шенділер де баласын шетелдік мектептерде онлайн оқытады. Ол балалар шетелдік стандартпен білім алады. Шетелдік тәлім-тәрбиемен өседі, бірақ, кейін Қазақстандық шенеунік болады. Ал, оған ұлтты сүю мен патриоттық туралы әңгіме айтып көріңіз.
Еліміздің «Білім туралы» заңында балаларға 9 жылдық білім алуы міндетті. Бірақ, мұны да айналып өтетін амал тауып жатыр жұрт. Еліміздің ертеңі үшін бұл мәселені заңмен қатаң реттеу керек деп ойлаймын!
Аятжан Ахметжанұлы

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...