-5 C
Нур-Султан
28.02.2021

Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес — А. Аймағамбетов

Ұстаздар: «Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес», — дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды.
Министрдің мәліметінше, кеше ол орта білім саласының өкілдерімен кездесу өткізген.
«Сағат 11:00-де басталған жиын 15:25-те аяқталды.
Үзілісті қажет етпей, төрт жарым сағат бойы әңгімелестік.
Әріптестерім көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мәселелерін ортаға салды және идеяларымен бөлісті», — деп жазды министр өзінің facebook парақшасында.
А. Аймағамбетовтің мәліметінше, кездесуге қатысушылар орта білім беруді дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтқан. сондай-ақ, әдіскерлердің рөлін арттыру, ротация институтын енгізу, білім беру ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды күшейту, оларды тағайындау және аттестаттау тәртібін өзгерту қажеттілігі туралы сөз қозғалды.
«Ұстаздар: «Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес», — дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, жүктелетін міндет көп, артылатын жауапкершілік жоғары.
Осыған байланысты мектеп басшыларын тағайындау және олардың жалақысын арттыру бойынша енгізілетін өзгерістер туралы айттым», — деп толықтырды министр өз жазбасын.
Алдағы уақытта осы жаңашылдықтар жайында толығырақ таныстыратынын да атап өтті.
Кездесу барысында педагогтерді аттестаттау, саладағы цифрландыру, педагогикалық этика нормаларын сақтау, білім беру бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жақсарту, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері, «Алтын белгіге» үміткерлерге қойылатын талаптарды күшейту және тағы басқа өзекті мәселелер көтерілді.
Жиынға қатысушылар педагог мәртебесі артып, жалақының айтарлықтай көтерілгенін алға тартты.
«Басқа да өзекті мәселелерді бірге талқыладық. Олардың көпшілігі бойынша тіпті заңнамалық деңгейде нақты шешімдер қабылданған.
Бұл мәселелер туралы да келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін.
Кездесуге қатысқан әріптестеріме айтылған ұсыныстары мен қойылған сұрақтарына алғыс айтамын.
Мұндай жиындардың маңыздылығы зор, өйткені өзекті мәселелерді ашық диалог барысында ғана бірлесе отырып шешуге болады», — деп түйіндеді министр А. Аймағамбетов өз жазбасын.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...