-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

А. Байтұрсынұлы мен Әнуар Паша әліппелерінде қандай байланыс бар?

* А.Байтұрсын емлесі мен Ә.Паша емлесі арасында байланыс бар ма?
* Латын әліпбиіне көшу мәселесі Османлы кезеңінде-ақ талқыға салынды…
* 1926 жылы Бакуде өткен конгресстің астары…
* Қаріпті қуғындау, емлені еңірету, әліппені дарға асу…
Сонымен, Әл-қисса…
М.К.Ататүрік кезеңінде жүзеге асқан «қаріп төңкерісінің» арғы онтологиялық тарихы 1850 жылдардан бастау алатын қаймана жұрт білмесі анық. 80 жылдай әбден қызу талқыға салынған сарай османлышасы және оның араби-фарси емле-ережесі шынымен де лингвистикалық реформаны күтіп тұрған-ды. Сарай османшасын реттеп бейімдеу туралы алғашқы сын-пікір 1850 жылдың өзінде бастау алады. 1860-70 жылдары бұл пікір-талас қыза түскен…
Білесіз бе, бұл кезең Ы.Алтынсаринның еуропалық үлгідегі қазақ мектебін ашу дәуіріне тұспа-тұс келеді. Бір қызығы, сарай османшасы сияқты орталық азияның шағатай әдеби тілі де сын-пікірдің астында қалып жатқан-ды. Ы.Алтынсаринның бірқанша мақсаты бар еді. Олар: Шағатай емлесін қазақ тіліне реформалау; Заманауи қазақ мектебін ашу; Қазақша пән ғылымдарын жазу;
Осындай тың идеялар мен реформалар не үшін бір уақытта қазақ даласында және Стамбұлда яғни осман пашалары жағынан күн тәртібіне қойылады? Дегенмен қызық сұрақ… Кезінде Жәңгір Хан оқытқан Қамараддиндер Семей, Ақмола, Омбы даласын кезіп жәдиттік үсілде (метод) бала оқытқан еді Абай, Мәшһұр, Науан қазіреті бар бір топ шоқ жұлдыз жарқ ете қалды. Неге? Арғы жағында реформа жатыр. Ол қандай реформа? Ол — жәдиттік реформа. Яғни түсінікті тілде айтқанда руханиятқа сіңген арап емлесі мен әдебиет пен мәдениетке сіңген парсы емлесін реформалап оған түркілік рең беру, жазу емлесін арап-парсыдан түркілік түске бояу, дыбыс құрамына түркілік дыбыстарды арнайы таңбалау, тізе берсеңіз көп. Осы реформадан соң қазақ баласы небәрі үш аптада (тіпті одан тез) қаріп танып сауат ашып шыға келетін болған. Осы сеңді Түркі әлемінде алғаш болып Жәңгір Хан бастады, оның қамқорлығымен оқыған шәкірттер жеке-жеке көшпенді мектеп ашты, одан Алтынсариндер қаулап өсіп шықты, ол да сол идеяны жалғастырушы жалғыз шамшырақ болды, оның мектебінен Ақмет, Әлихан, Міржақыптар қаулап өсіп шықты.
Қош, 1850 жылдары бастау алған осман құрамындағы әліппе һәм емле-ереже пікір таласы 20 ғасырдың басына дейін жалғасты. Осман пашаларында бірқанша таңдау бар еді. Олар: османша хат емлесіне лингвистикалық реформа жасау; латын графикасына кезең-кезеңімен көшу; тілдік реформа жасау; Бірақ, бұл реформалар пікір-таласта ғана айтылды, үкімет қаулы қабылдай алмады, себеп көп, соғыс өрті де көп, үкіметтік шығын қорғанысқа көбірек жұмсалып жатты.
Қызу пікір-талас кезеңінде екі көзқарас көп талқыға тұздық болды. Ол, әліппені біржолата латынға ауыстыру немесе османшаның өзін түбегейлі реформалау; Біз латынға көшу туралы әңгімені кейінге қалдыра отырып, османшаның өзін реформалауды дәл қазір баяндамақшымыз. Әуелде осман хат емлесін реформалауды идеал көргендер қатарында Әнуар Ноянның (паша) орны бөлек. Ол арап графикасымен тізбектелген осман сарай тілін реформалап «Әнуар Әліппесін» жариялады. Уақты: 1914-інші жыл.
Енді қараңыз, Ақмет Байтұрсынұлы жазып баспадан шығарған «Әліп-би», «Тіл-Құрал» оқулықтары 1912 жылы шыққан еді. Арасында қандай байланыс бар? Негізі А.Байтұрсын бұл еңбектерін 1911-1912 жылдан кемінде он жыл бұрын шығармақ болған, цензура мен абақты еңбектің шығуын он жылдап кешіктірді.
Әнуар Паша осман пашаларының ішінде орталық азия түркі жұртына бауыры тартып туған бірегей тұлға еді. Тұтас орталық азиядағы рухани реформаларды жіті қадағалайды. Сол себепті А.Байтұрсынұлы еңбектерімен таныспауы мүмкін емес. Ол өзі жариялаған «Әнуар Әліппесінде» дауысты-дауыссыз дыбыстарға жеке-жеке таңба тапқырлап шыққан. Бұл көзқарасы Байтұрсынша феноменге ұқсап қалады. Осман һәм шағатай әдеби тілі арап-парсы жұртын басшылыққа алатындықтан дауысты дыбысқа емле кезінде арнайы таңба қарастырылмайтын. Ақмет те, Әнуар да бірінші кезекте түркілік дыбыстарға яғни дауысты-әуезді дыбыстарға араптың өз жазуынан таңба қарастырып отыр. Бұл деген сол дәуір үшін ғажап емес пе?! Бүгінгі тілмен айтқанда Марсқа ұшқанмен парапар.
Әнуар Паша османлы мемлекетінің соғыс министрі (қорғаныс министрі) болып бас қомандан әскери шенін алып тұрғанда, арнайы әліппе реформасын жариялап, өзі ұсынған жаңа емле-ережені өзі басқаратын қорғаныс министрлігінде ресми түрде қолданысқа кіргізген. Яғни соғысқа қатысты ішкі құпия құжаттар, әскери бұйрықтар Әнуар Емлесі негізінде жазылған. Бұл, 1914 жыл, бірінші жаһан соғысының басталған кезі.
Әнуар Әліппесінде мынадай қызық ереже бар. Емледегі арап қаріптерінің арасы бөлек-бөлек жазылып жеке таңба ретінде тізіліп хатталады. Әріпте орта, соңғы түрлену болмайды, бір дыбыс бір әріп. Сол себепті осы жаңа әріппемен жазылған әскери бұйрықтар мен іс-қағаздарды бастапта құрап зорға оқыған. А.Байтұрсынұлы 1912 жылы жариялаған жаңа қазақ жазуын кезең-кезеңімен 7 үлкен реформадан өткізген, әр реткі реформасында алдыңғы кемшіліктің орнын практикалық тәжірибемен толықтырып отырған. А.Байтұрсында 22 таңба, 28 дыбыс бар. Ал, Әнуар Паша әліппесінде 45 таңба бар.
Мен осыдан ары қарай көп нәрсені жазғым келіп тұр, бірақ сүйікті оқырмандарымды аяймын. Ешкімді ұзынсонар постпен шаршатқым келмейді, жалғасын кейін жазармын. Тек осындай қиысқан тарихи оқиғалардың бар екенін біле жүрсеңіздер болды. Амандық болсын!
22.01.2021

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...