Ертең, яғни қаңтардың 22-сі күні сағат 20:00-де «Директор келбеті. Дамушы мектеп: ортақ мақсат, ұжымдық мәдениет» тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясының директоры Аятжан Ахметжанұлы өзінің facebook парақшасында хабарлады.
Онлайн-кездесуге Қызылорда қаласы, Серәлі Лапин атындағы №261 мектебінің директоры Қарлығаш Абдрахманова мен Нұр-Сұлтан қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы № 76 мектеп-лицейінің директоры Сафура Төлектегі қатысады.
«Біз үнемі мұғалім туралы әңгіме қозғаймыз, ал, директор ше?
Кей әріптестерім директор сөзін диктатор сөзімен бір мағына қолданады. Одан қоғам опа таба ма?
Басқару менеджменті айналасында сұрақ көп. Мектеп директорларының мектепті жетістікке жеткізу мүмкіндіктері қалай? Мектептің бас ұстазы жас ұстазды қалай тәрбиелеуі керек?», — деп жазған А. Ахметжанұлы онлайн-кездесуде осы сұрақтарға жауап ізделетінін мәлімдеді.
Онлайн-кездесу Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясы парақшасынан және мектептің YouTube арасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
«Әріптестер, желідегі барша достар сұрақтарыңыз болса қоя отырыңыздар, ертең талқылайық», — деп жазды кездесудің модераторы Аятжан Ахметжанұлы.