-7 C
Нур-Султан
28.02.2021

Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен еліміздің бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу Еуропа мен Орталық Азияның өзге де елдерін қамтыды. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

ДДСҰ 25 елдегі балалардың белсенділігін салыстырып, «Физикалық белсенділік экран алдында өткізілген және ұйқыға кеткен уақыт» тақырыбында есебін жариялаған. Оған сәйкес, ДДСҰ 6-9 жас аралығындағы балаларға күн сайын орташа есеппен 60 минут қалыпты немесе жоғары қарқынды физикалық белсенділікпен айналысуға кеңес береді.

Ал Қазақстанда 9 жасқа дейінгі балалардың 70,6 пайызы күніне 1 сағатқа жетпейтін уақытын белсенді ойынға бөледі. Белсенділіктің дәл осындай деңгейі Испания, Түркия, Дания елдерінің балалары арасында байқалады.

Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей, Латвия, Грузия, Чехия сынды 15 елде балалардың 82-98 пайызы күн сайын 1 сағаттан астам ойнап, үнемі қозғалыста болады. Дегенмен, Орта Азия елдерінде мектепке және мектептен үйге жаяу баратын немесе велосипедпен қатынайтын балалардың үлесі жоғары.

Мәселен, елімізде балалардың 70,9 пайызы мектепке жаяу барып келсе, Тәжікстанда бұл көрсеткіш 94 пайызға жетеді. Ал Португалия, Мальта және Ирландияда бұл көрсеткіш шамамен 20 пайыз ғана.

Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының жартысы – 56 пайызы спорт немесе би үйірмелеріне бармайды. Еуропа елдерінде, атап айтқанда Дания, Латвия, Италия және Сан-Маринода балалардың кемінде 80 пайызы спорт немесе би үйірмесіне жазылса, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркияда балалардың 80 пайызы мұндай үйірмелерге мүлдем бармайды.

Осы жас тобына кіретін балаларға күніне 2 сағатқа дейін электронды құрылғы алдында отыруға кеңес беріледі. Сауалнама жүргізілген сәтте Қазақстанда әр 4 баланың 3-еуі күн сайын теледидар мен гаджет қарауға 2 сағатқа жетпейтін уақыттарын жұмсайтындығы анықталды.

Балалардың жақсы физикалық және психикалық саулығы үшін 9-11 сағат ұйқы барынша оңтайлы саналады. Қазақстанда балалардың 76,1 пайызы тәулігіне 9-11 сағат ұйықтайды.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...