-28 C
Нур-Султан
24.01.2021

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу процесі аралас форматта жалғасады

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу процесі аралас форматта жалғасады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлім етті.
Оның айтуынша, бірінші курс студенттері үшін оқу процесі аралас форматта ұйымдастырылады. Яғни, дәрістер онлайн форматта, ал семинар, зертханалық және практикалық сабақтар дәстүрлі форматта өтеді.
«Екінші және үшінші курстарда оқыту процесі дайындық бағыттарына байланысты қашықтан немесе аралас форматтарда жүргізілетін болады. Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, бизнес, басқару және құқық т.б. бағыттар бойынша қашықтан оқыту ұсынылады. Ал, өнер, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т. б. бағыттар бойынша студенттер аралас формата оқытылады», — деп атап өтті М. Дәуленов.
БҒМ баспасөз қызметінің хаюарлауынша, теориялық оқыту (қажет болған жағдайда), ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттау жоғары оқу орнының академиялық саясаты мен күнтізбесіне сәйкес қашықтан және аралас форматта жалғасады.
kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес — А. Аймағамбетов

Ұстаздар: "Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес", - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым...

А. Байтұрсынұлы мен Әнуар Паша әліппелерінде қандай байланыс бар?

* А.Байтұрсын емлесі мен Ә.Паша емлесі арасында байланыс бар ма? * Латын әліпбиіне көшу мәселесі Османлы кезеңінде-ақ талқыға салынды... * 1926 жылы Бакуде өткен конгресстің астары... *...

ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Тестілеуге қатысқандардың ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4...

Мектептің бас ұстазы жас ұстазды қалай тәрбиелеуі керек?

Ертең, яғни қаңтардың 22-сі күні сағат 20:00-де "Директор келбеті. Дамушы мектеп: ортақ мақсат, ұжымдық мәдениет" тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясының...

«Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне Елдос Нұрланов тағайындалды. Елдос Болатханұлы 1981 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге...