-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

Ауылдық елді-мекендердегі колледж студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады

Ауылдық елді-мекендердегі колледж студенттері дәстүрлі форматта оқитын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
«Екінші семестрден бастап қазақстандық колледждерде оқу процесі дәстүрлі, қашықтан және аралас форматта жалғасады.
Ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 97 колледж өз студенттері үшін оқуды дәстүрлі форматта ұйымдастырады. Сондай-ақ ҚР ІІМ мен ҚР ҚМ жанындағы 14 колледждің студенттері оқу орындарында оқитын болады», — деп атап өтті вице-министр брифинг барысында.
Оның мәліметінше, қалған колледждерде бірінші курс студенттері үшін, атап айтсақ студенттерінің жалпы санының шамамен 31%-ы үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады.
«Бірінші курс студенттері үшін барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқыту пәндерінің 70%-ы дәстүрлі форматта және 30%-ы қашықтан өткізіледі. ТжКБ ұйымы оқу жұмыс жоспарларына сәйкес штаттық және қашықтан оқыту форматтарында оқытуды өткізу үшін пәндер тізбесін дербес айқындайтын болады», — деді Шолпан Каринова.
Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, аудиториялық сабақтардың ұзақтығы 45 минуттан аспайды, колледж әкімшілігі икемді кесте құрады. Кабинеттерде үзілістер арасында және сабақтан соң санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.
2-4 курс студенттері аралас форматта оқиды. Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша оқитын студенттер үшін сабақтар қашықтан, зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика дәстүрлі форматта ұйымдастырылатын болады. Қорытынды аттестаттау да штаттық режимде өтеді.
Педагогикалық, экономикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық мамандықтар бойынша 2-4 курс студенттері оқуды қашықтан оқыту форматында жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, колледждерде оқу процесін ұйымдастыру жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...