-28 C
Нур-Султан
24.01.2021

БҒМ: Мектеп бітіруші сыныптар үшін пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта өтеді

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 2020-2021 оқу жылының III тоқсанынан бастап оқу процесі ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініші бойынша 1-5 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптарда дәстүрлі форматта жалғасады. Бұл ретте мектептерде санитарлық талаптар сақталып, бір сыныпта 15 адамнан артық адам болмауы тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.
Сондай-ақ, Ш. Каринованың айтуынша, оқушылар саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта жалғасады.
«Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының бітіруші сыныптары үшін оқыту аралас форматта ұйымдастырылады: пәндердің 70%-ы дәстүрлі форматта, ал 30%-ы қашықтан оқытылады. Биыл еліміз бойынша бітіруші сыныптардағы оқушылардың саны 440 мыңнан астам адамды құрайды», — деп атап өтті вице-министр.
БҒМ баспасөз мәліметінің хабарлауынша, оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталып, сабақтардың икемді кестесі құрылады. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар мен кіші ауысымдар саны ұлғайтылып, әрбір сынып үшін сабақ арасындағы үзілістер әр түрлі уақытта ұйымдастырылады. Санитарлық талаптарға сәйкес мектепке кіру кезінде білім алушылар мен педагогтердің дене қызуын күнделікті өлшеу қажет.
Сондай-ақ қажет болған жағдайда педагогтердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының қалауы бойынша штаттық форматта білім алып жатқан оқушылар үшін мектепте жеке консультациялар өткізуге рұқсат етілген. Бір топта 5 адамнан артық болмауы тиіс.
kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес — А. Аймағамбетов

Ұстаздар: "Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес", - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым...

А. Байтұрсынұлы мен Әнуар Паша әліппелерінде қандай байланыс бар?

* А.Байтұрсын емлесі мен Ә.Паша емлесі арасында байланыс бар ма? * Латын әліпбиіне көшу мәселесі Османлы кезеңінде-ақ талқыға салынды... * 1926 жылы Бакуде өткен конгресстің астары... *...

ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Тестілеуге қатысқандардың ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4...

Мектептің бас ұстазы жас ұстазды қалай тәрбиелеуі керек?

Ертең, яғни қаңтардың 22-сі күні сағат 20:00-де "Директор келбеті. Дамушы мектеп: ортақ мақсат, ұжымдық мәдениет" тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясының...

«Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне Елдос Нұрланов тағайындалды. Елдос Болатханұлы 1981 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге...