2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған деректі фильм эфирге шығады

Бүгін, 5 қаңтар сағат 20:35-те «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы түсірген ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен рухани мұрасына арналған «Ұстаз» деректі фильмі эфирге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фильм авторлары Орынбор шекара комиссиясының мұрағатынан патша үкіметінің қазақтарды шоқындыру саясаты қалай басталғанын көрсететін материалдарды тапты. Оқиға Ыбырай Алтынсарин мен орыс миссионері Ильминскийдің кездесуін көрсете отырып баяндалады. Фильмде Алтынсариннің және Ильминскийдің хаттары — Ильминскийдің 1869 жылы ағарту министрі Д.Толстойға, Алтынсариннің 1889 жылы В. Катаринскийге жазған хаты зерттеліп, христиан миссионерлерінің шынайы пиғылын ашатын үзінділер келтіріледі», — деп атап өтеді телеарнадан.

Жобада сонымен бірге Ы.Алтынсариннің 1884 жылы шыққан «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінің жарық көру тарихы, Троицк қаласында медресе ашылғанда Алтынсариннің оның салынуына өз қалтасынан қаржылай көмек бергені баяндалды. Мұнің бәрі ұлы ұстаздың тек қазақтың емес, барша түркі халықтарының орасан зор қайраткері екенін көрсетеді.

Жоба авторы – журналист Дархан Әбдік. Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан бүгін сағат 20:35-те эфирге шығады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...