-4 C
Нур-Султан
06.03.2021

Тоқаев жастарға жаңа грант тағайындауды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынды. Бұл туралы Президент «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында жазды.

«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс. Бұл туралы ұлы Абай: «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Президент жастар – қай кезде де тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші екенін атап өтті. Сондықтан ол өскелең ұрпақтың әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалану қажет деп санайды.

«Осы орайда президент жанындағы жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын», — деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандық жастардың шетелге кетуіне қатысты да пікір білдірді.

«Ел ішінде жастар шетелге кетіп жатыр деген алаңдаушылық бар. Мен жастарымыз білімін жетілдіріп, бәрібір елге оралады немесе шетелде жүріп-ақ Қазақстанның мүддесін қорғайды деп сенемін», — деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Президент кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да бозбала шағында Украинаға аттанып, еңбек, білім және әкімшілік дағдыларына ие болғанын еске салды. Өзі де білім қуып Мәскеуге сапар шеккенін, өзге мемлекеттерде жұмыс істегенін айтты.

«Біздің талай замандастарымыз бүгінгі жастар сияқты алыс шетелдерге бара алмаса да, Кеңес Одағының түрлі қалаларында білім алды. Бірақ, басым көпшілігі тамырынан ажырап, ол жақта біржола қалып қойған жоқ. Елге келіп, еңбек етті. Сондықтан жырақта жүрген жастарымыздан айырылып қаламыз деп уайымдаудың жөні жоқ. Біздің міндетіміз – олардың бойына мемлекетшілдік рухын сіңіріп, қай жерде жүрсе де туған елдің игілігіне қызмет етуге жұмылдыру», — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, әлемнің ең дамыған елдерінде өз кәсібін бастаған және алпауыт компанияларда жұмыс істеп жүрген қандастардың осындағы замандастарымен байланысын нығайтып, тәлімгерлік етуіне жағдай жасау керек.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстанда ғалымдарды әлеуметтік қолдауға арналған құжат қабылданды

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. Бұл туралы ҚР...

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Мәскеудің Зеленоград әкімшілік ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз...

А. Аймағамбетов: Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Ол құжатта, менің ойымша, сала мамандары үшін аса маңызды болып табылатын екі ерекше...

Білім беру процесі алдымен аралас, сосын дәстүрлі оқу режиміне көшеді — вице-министр

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР...

Дәстүрлі форматпен оқытуға көшкен мектепте ортақ үзіліске қоңырау соғылмайды

Бүгін 1 және 5-сынып оқушылары мектепте оқуды бастады. Ұзақ үзілістен кейін мектеп партасына отыру оқушылар мен ұстаздар үшін қуанышты жағдай екені рас. Бұл жолы...