-5 C
Нур-Султан
28.02.2021

Асқар Жұмаділдаев. Қазақтың болашағы

Қазақ үлкен кісіні «сіз» деп сыйлайды. Ал, Швецияда үлкен кісіге «сен» деуің керек. Егер оған «сіз» деп айтсаңыз ол сізге қатты өкпелеуі мүмкін.
Логика мынандай: Адамның барлығы тең. Маған «сіз» дегеніңіз мені кемсіткеніңіз. Мұның жасы үлкен, сондықтан күш-қуаты аз, ақылы кем.
Демек, болашағы жоқ деп кемсітіп отырсыз дейді. Мінекей, шведтің логикасы осындай.
Бұған қарап шведтің логикасы жақсы, қазақтікі жаман деген қорытынды шыға ма? Жоқ.
Иә болмаса, қазақтың логикасы жақсы, шведтің логикасы жаман деген қорытынды шыға ма? Жоқ.
Бұдан шығатын қорытынды әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа. Демек әр елдің, әр ұлттың мақсаты өзінің әдет-ғұрпын, өзінің үрдісін заман талабына ұштастыра білу.
Мен мұны былай деп айтамын: Қазақ ел болып қалу үшін технократтық елге айналу керек.
Технократтық елге айналмай қазақ ел болмайды.
«Ұлттық намыс, ұлттық рух» деген сөзді қазақ көп айтады. Мұның барлығы технократтық реформа болмай, бос сөз болып қалады.
Рух деген не өзі?
«Ойбай, рух қайда?» деп сіз күніге жүз рет айқайлаңыз. Не өзгереді?
Бір бес минутқа сіздің рухыңыз көзін ашар, «әй не болып қалды, бұл не шу?» деп. Содан кейін қайтадан қалың ұйқыға кетеді. Рухыңыз ұйықтамай, мүлгімей, сергек жүру үшін оның артында бір тірек болу керек. Бұл тірек технократтық.
Яғни, қазақты өзгелерге мойындататын өзінің жасайтын бірдеңесі болу керек.
Қазақ деген ақылды халық. Мінекей, жасаған заттарын қараңыз дегізетіндей.
Мысалға, жапондық сапа дейтін ұғым бар. Ол не? «Тойотаны» айтайық. Оны жұрттың барлығы алады. «Сониді» айтайық. Оған деген сұраныс сұмдық. Жапон компьютер жасаса бүге-шігесіне дейін керемет қылып, түбін түсіре жасап шығады. Сондықтан, жапондық өнімге жұрттың барлығы басын иеді.
Тағы бір мысал. Жапонның жазушысы мықты дейді.
Мураками дейтін қаламгер бар оларда. Қазақта Дулат Исабеков дейтін жазушы бар. Салыстыра түссек Дулат ағамыздың таланты Муракамидің талантынан асып түспесе, еш кем емес.
Бірақ, жұрттың барлығы Муракамиді біледі, Дулат ағамызды қазақтан өзге ешкім білмейді. Неге олай?
Бұл жерде тағы да Абайға оралуымыз керек. Шәкәрім қажы «Ибраһим мырза хәкім еді. Данышпан еді. Әттең тұрған жері қазақтың іші болғандықтан ұлылығы көрінбеді, қадірі азырақ білінді» дейді.
Дулат ағамыз да қазақтың мықты жазушысы. Бірақ, қазақтың арасында жасағандықтан қадірі азырақ білініп тұр. Неліктен? Өйткені, жапонның «тойотасын» айттық, «сониін», компьютерін айттық. Жапондық сапа, жапондық іс дейтін ұғым бар. Дүниеде жапондар жасаған өнім жайында «бұл керемет, сапалы» деген түсінік қалыптасқан.
Сондықтан, жапон болғандықтан да Муракамиді мықты жазушы деп таниды.
Егер қазақтар да мықты бір компьютердің түрін ойлап тапса, не бір автокөліктерді жасайтын болса, онда бізге де қатысты осындай бір түсініктер қалыптасар еді.
Қазақ ісі, қазақы сапа деген ұғым пайда болар еді.
Сонда бұл сапаның басқа да салаларға септігі тиер еді. Сонда барып Дулат ағамыздың аты әлемге жайылар еді.
Ал енді біреулер айтады: «Технократтық болмасақ та дүниеден құрып кетпейміз» деп. Бұл да рас. Құрымаймыз.
Бірақ дүниеде елдің екі түрі болады. Жетекке жүретін ел және жетектейтін ел. Мысалға, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдердің басты мақсаты керемет компьютерлерді шығару да, өзге елдердің мақсаты солар шығарған компьютерлерді сатып алу.
Қысқаша айтқанда олар өндіруші ел де, қалғанының барлығы солардың өнімін тұтынып, жетегінде жүретін елдер. Бұл деген экспансияның жаңа түрі.
Оны былай түсіндірейін. Мысалға, рухани байлықты алып қарайық. Бұл мәселе Жапонияда болуы мүмкін. Жұрттың барлығы технократ болып кетті, рухани құндылықтар құлдырады деп ол жақта біреулер мазасыздануы мүмкін. Ал бізге не керек ол?
Мықты елдер айтады: «сен менің тауарымды сатып ал, міндетің сол. Қалған уақытыңды рухани байлық қайда кетті, тілдің халі негі мүшкіл деп өткізе бер. Осыны анықтау үшін жиналыс жаса, конференцияларды үзбей өткіз, даулас, таласқа түс, ойбайға сал. «Бірақ, біреуің гайка бұрама, біреуің компьютер шығарма, көлік құрастыруды үйренбе. Мұның барлығын сен бізден алсаң болады» дейді.
Өкінішке орай біздің зиялы қауым осыны түсенбей отыр. Бұл қазаққа өте қауіпті нәрсе. Тағы да айтам. Қазақ қазақ болып қалу үшін ең алдымен технологиялық және технократтық жетістікке жету керек.
Мұндай жетістік болатын болса, жас баланың өзі мұны мақтаныш тұтатын болады.
Өйткені іс сөзді бастайды. Қазір қазаққа ең керек нәрсе технократтық көзқарас, технологиялық жаңалық және осының барлығын Абаймен, ұлттық бағыттағы тәлім-тәрбиемен ұштастыру. Мұндайдың мүмкін екенін әлемдегі озық ойлы елдер дәлелдеп берді.
Мысалға Кореяны, Малазияны, Жапониядай елдерді алып қарайық. Бұлар қанша жерден мықты компьютер жасаса да, өздерінің ұлттық салт-санасын алтын құсап сақтап, дамытып отыр.
Жапондарда калиграфия деген өнер бар. Бұл әдемі жазу деген сөз.
Әдемі жазу кімге керек деп қазақ оны түсінбейді. Есесіне бізде айтыс өнері бар.
Біз кейде мақтанамыз, айтыс қазақта ғана бар, басқа ешкімде жоқ деп.
Неге ешкімде жоқ. Өйткені ол ешкімге керек емес.
Бұдан шығатын қорытынды әркімнің менталитеті, сана-сезімі, әдет-ғұрпы бөлек болады. Анаған-мынаған далақтай берудің де қажеті жоқ.
Абайдың сөзі бар тағы да.
Ақсақал айтты, бай айтты. Кім болса мейлі, сол айтты. Ақылменен жеңсеңіз дейді.
Мінекей, біз осы сөзді ұмытпауға тиіспіз. Анау айтыпты, мынау бүй депті деп, анадан бір жұлқып, мынадан бір жұлқудың керегі жоқ.
Сіз өзіңіздің әніңізді, күйіңізді сақтаңыз. Сіз жеті атаңызды білу дәстүрін дәріптеңіз. Осының барлығын сақтай отыра, жаңа заманға бейімделіп, технократтық елге айналыңыз. Сонда ғана қазақтың болашағы болады.

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Қазақтын минталитетің басқа елмен салыстырудын қажетті жоқ. «Сіз» деген үлкенге құрымет, кəзіргі жастардын арасында Сенсіреп жүргендер жеткілікті көріпте жүрміз. Сіз деп адамның бай, кедейіне қарамай жасы үлкендерге айтамыз. Кейбір жастар əкелерінің дəрежесіне қарап əкесінің қол астындағы жұмысшыларына сенсіреп жүргендеріде бар.
    Қазақстанда əңші-бишілерден басқа салаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінуі керек, дамыған елдердің жапония, корейя сияқты т.б елдердің жастарының тəлім-тəрбиелерің зерттеу қажет. Жастардын идиялогиясын өзгерту керек, өте төмен тəрбиеде жастар тəрбиеленуде. Оның себебі əлі де кеңестік тəлім-тəрбиеден айырыла алмай жүр жастар. Мектепте атаман, əскерде шал, əлім жетілік, ақша жинау үлкендер əлі сол байағы жартас. Бір-біріне ізетілік, көмектесу жоқ. Кез-келген мектепте үлкен сынып оқушылары кішілерден ақша жинайды, мұғалімдер ұстап алып жазаласада қайталанып отырады, бұл жерде мұғалім қаухарсыз біздің орта жастарды солай тəрбиелеп жатыр. Əскерде дедавшина, өнкей шалдар, біреудің баласын мазақ қылып күші барлар аяқтарын аспанға келтіріп жүреді. Адамның мүнкіндігі күшпен есептелінбейді, əр-бір адамның өзіне тəң қаблетті бар. Біреуі күшке ие болса, біреу əңге, біреу техникаға, біреу құрлысқа, біреу жүгіруге, біреу ұсталыққа т.б əр-бір жастарымыз сансыз маман иелері, ол мамандықтар олардың қандарында бар, сол жолға түсіру үшін əр-бір оқушыны зерделеу қажет, өскенде адаспайтындай маман иесі атану үшін. Ал қазіргі білімде қағасынба-қақпайсынба ҰБТ дан өттін грант алдын оқы, ол оқушы сол мамандықты игере алама алмайма ішкімнің ісі жоқ. Жеке ұбт-ға дайындайтын мектептер қаржы табудын ең оңай түрімен айналысып жатыр. Қай нəрсе қайдан шығатынымен істері жоқ тест нұсқаларын жаттату т.б. оларды жастардын болашағы қызықтырмайды, кім болса ол болсын, ұбт-дан өткізіп берсем болды бар мəселері. Содан елімізде диплом алып жұмыс тапай жүрген жастар жылдан жылға өсу үстінде. Мемлекетте грантты кəзір техникалық мамандықтарға үйіп төгуде, оқушыларғада жақсы болып қалды техникалық мамандық тандайды ең төменгі көрсеткіштегі балл жинасада мүнкіндіктері бар екнің біледі. Қаншама үздік бітірген оқушылар кəзіргі кезде осы опасыз саясатын арқасында өздері таңдаған мамандықтарында ақылы бөлімдерде оқуда. Ал үшке оқып жүрген оқушылар гранты көп мамандық тандап грантта мемлекет қаржысымен оқуда, ертенгі күні сол студентер мемлекеттің қаржысын ақтай алама? Мектептер мен жоғарғы оқу орындары тығыз бір-бірімен жұмыс жасау керек 5 сыныптан бастап оқушыларды зерделеу керек, сол мамандық бойынша конкурстарға қатысуға жоғарғы оқу орындары қол қабыс жасап грант иелерің сол кезден бастап аңықтай бастау керек. 11 сынып бітірген ұбт дан өткен оқушыны грантқа қабылдайды ??? белгісіз маман иесі болушы. Сондықтан жоғарғы оқу орындары жылына 5 сыныптан жоғары сыныптарға кез-келген мамандық бойынша сайыстар өткізіп тұрулары қажет, қаблеті мықты оқушыларды сол кезден аңықтап өздері оқытып мықты маман иесі қылып шығарулары қажет. Т.б

  2. Ғылымы мен техниңасы дамымаған ел-мешеу. Соны түсіну қиын болып отыр жрғарыдағыларға, мәңгі ештеңе жоқ бәрі таусылады сосын не сатар екенбіз ? ҰБТ үлкен жыр ,Биллғы қорытынды 140балдан бүкілқазақстандық бітірушілердің орта балы 64 бұл оқушылардың бағдарламалардың 47% -ін ғана меңгергенін білдіреді бағаға айналдырса 1. Сол 60-65 балмен грант алып отырғандары қаншама. 70 балдың өзі 2 , онда ЖОО на 90 балдан жоғары жинағандарды ғана оқыту дұрыс болар еді. ЖОО н да да толық тоқырау .Қайда барсам қулық сұмдық алдау мен арбау…

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...