2 C
Нур-Султан
13.04.2021

Бүгін Ньютон күні

Бұл күнді атақты ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның туған күнінде жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері, ғалымдар, студенттер, сондай-ақ ғылыми тәжірибе жасағанды жақсы көретін әуесқойлар жыл сайын атап өтеді. И. Ньютон ойлап тапқан бүкіләлемдік тартылыс заңы мен механиканың үш заңы классикалық механиканың негізін қалады.

Исаак Ньютон ( 4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі. Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды зерттеу болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның бастауы болып саналатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысы заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.

Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен бірге дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар, ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.

Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.

2005 жылы өткізілген сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

А. Аймағамбетов еліміздің ғалымдарын Ғылым күнімен құттықтады

Бүгін – Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күні. Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген...

Асхат Аймағамбетов ұстаздарға үндеу жолдады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов вакцинаға қатысты мұғалімдерге үндеу жасады. «Денсаулық сақтау министрлігінің берген ақпаратына сәйкес, қазіргі...

ҰБТ-ның форматы емес, тек оны өткізу процедурасы ғана өзгерді – А. Аймағамбетов

Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгермеді. Тек оны өткізу процедурасы ғана өзгеріп отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым...

Қазақстандық жасөспірімдердің мансаптық таңдаулары

PISA-2018 сауалнамасында 15 жастағы жасөспірімдер өздерін 30 жаста қандай маман ретінде көретіндерін атап өтті. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәліметтерге...

Грант ұтып алу үшін талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады

Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны...