-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

ІІІ тоқсаннан бастап бітіруші сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия, тарих және т.б. пәндер мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді. Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылатын болады.

Министрліктің мәліметінше, мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды. Сонымен қатар, бітіруші сыныптар оқушыларының оқу жылының соңында қорытынды аттестаттаудан өтетіндігі, колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді.

Айта кету керек, бұл шараларды жүзеге асыру барысында мектептерде санитарлық шаралар қатаң түрде сақталатын болады.

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...