-28 C
Нур-Султан
24.01.2021

Кезінде мұғалімнің айтқаны заң еді!

Таңғы 6-да ұйқыдан оянып, беті-қолды жуамыз да, анамыздың дайындап берген нан шылаған сүтіне қойдың майын салып тұрып, сіміріп аламыз. 7:30-да сабақ басталады. Жаяу мектепке жеткенше бір топ оқушы әңгіме айтып барамыз кәдімгідей. Ол кезде 2 сынып оқимын. Еміс-еміс есте қалғанын жазып отырмын.
Мен үшін әкемнің бірауыз сөзі заң еді: «Үйдегі әңгімені — далаға, даладағыны үйге тасыма» дейтін. Бітті. Сол сөзбен өстім. Басымды жарып алсам да, бір жерімді мертіктіріп алсам да, «өзім ғой» деп үйрендім. Содан бері 27 жасқа келгенше ата-анам көшедегі Марғұланды білмейді. Тек үйдегі Марғұланды таниды.
Әлеуметтік желілерде: «оқушыны ұруға, оған ұрсуға болмайды», «Сабақтан кейін неге ол кабинетті тазалау керек екен?» деп жаға жыртысып-ақ жатырмыз. Әлі есімде, мектепте бір ұл, бір қыз болып сабақтан кейін кезекшілікке қаламыз. Сіздерді білмеймін, біз үшін кезекшілікке қалу мереке болатын. Тақтаны сүртіп, еденді жуып, үстелді де тазалап, орындықтарды партаның үстіне шығарып қайтамыз.
Ертесі бізді ешкім мақтамайды. Керемет тазалапты деп те айтпайды. Себебі ол мектептегі оқушы істеуі керек тәртібі. Оны қойшы, әр жұма сайын бүкіл сынып болып қаламыз. Бұл күні мектеп ауласынан бастап, ішіне дейін тазалаймыз. Ырбиып, әкесіне не шешесіне айтып жатқан бір оқушы жоқ. Себебі әке-шешесі баланы мектепке оқысын, тәрбие алсын деп береді. Мұғалім баланы мектепке алған кезде жауапкершіліктің қандай болатынын сезінеді.
Енді қызықты айтайын, бірде-бір оқушы қаладағы тойға бармайды. Әкесі «жүр» десе де, үйінде қалады. Себебі мұғалім «тойда біреуіңді көрейін, аямаймын» дейді. Бітті. Егер тойға барып, ұсталып қалсаңыз, ертесінде сөз естисің, оқушылардың көзінше абыройдан айырыласың. Ал абыройды сақтауды біз жақсы білеміз.
Сабақ біткен соң кемі 2-3 сағат үй жұмысын орындаймыз. Одан ерте далаға шығып ойнап жүрсек, алыстан ұстаздың қарасы көрінсе, жапатармағай қашып, тығылып әлек боламыз. Сонда бұл жерде демократия өліп қалған дейсіз бе? Шүкір сол ұяңдық адам қылды.
Еске түсіп, осында жазып отырмын. Қазір біреуге бірдеңе десең «ақыл» айттың дейді. Ақыл емес, есті бір дүние шығар деп қабылдаңыз.
Марғұлан Ақан, журналист

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес — А. Аймағамбетов

Ұстаздар: "Білікті педагогтер басшылық лауазымдарға ұмтылуға құлықты емес", - дейді. Өйткені директорлардың айлығы ұстаздардың еңбекақысынан әлдеқайда төмен. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым...

А. Байтұрсынұлы мен Әнуар Паша әліппелерінде қандай байланыс бар?

* А.Байтұрсын емлесі мен Ә.Паша емлесі арасында байланыс бар ма? * Латын әліпбиіне көшу мәселесі Османлы кезеңінде-ақ талқыға салынды... * 1926 жылы Бакуде өткен конгресстің астары... *...

ҰБТ-2021: Алғашқы күннің қорытындысы

Қаңтардағы ҰБТ-ның алғашқы күні тестілеуге 16 307 адам қатысты. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады. Тестілеуге қатысқандардың ішінде 12 мыңнан астамы қазақ тілінде, 4...

Мектептің бас ұстазы жас ұстазды қалай тәрбиелеуі керек?

Ертең, яғни қаңтардың 22-сі күні сағат 20:00-де "Директор келбеті. Дамушы мектеп: ортақ мақсат, ұжымдық мәдениет" тақырыбында онлайн-кездесу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы, 51 мектеп-гимназиясының...

«Оқулық» республикалық ғылыми-практика орталығына жаңа басшы тағайындалды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметіне Елдос Нұрланов тағайындалды. Елдос Болатханұлы 1981 жылы 13 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге...