-26 C
Нур-Султан
26.02.2021

Студенттік билеттер электронды форматқа ауыстырылды

2020 жылдың желтоқсанынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім алушылардың студенттік билеттері электронды форматқа ауыстырылды. Бұл туралы Қр Білім және ғылым министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.
Құжат «eGov» сайтында және «eGov mobile» мобильдік қосымшасында қолжетімді.
Жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша «Цифрлық құжаттар» сервисі «eGov mobile» қосымшасының басты бетінде орналастырылған. Студенттің электронды студенттік билеті осы сервистің ішінде қолжетімді болмақ. Қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту қажет.
Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің айтуынша, бұл бастама студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болады.
«Барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қағаз түріндегі студенттік билеттерге қыруар қаражат жұмсайды. Орташа есеппен әрбір студенттік билет 1000-1200 теңге тұрады. Студенттік жеңілдіктерді пайдалану барысында қағаз құжаттардың шынайылығын растау қиындық тудырып жататыны белгілі. Ал «eGov mobile» қосымшасында құжаттың шынайылығын электрондық үкімет растайды. Сондықтан студенттік билеттерді сандық форматқа ауыстыру тек ақша үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болады», — деп атап өтті Р. Биғари.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың қандай қитұрқы әрекеттер жасайтынын нақты атады

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов өзінің facebook.com парақшасында кейбір жоғары оқу орындарының тексерістен өту үшін қандай амалдарға баратынын егжей-тегжейлі жазды. *** Алдыңғы жазбада біз неге...

Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде педагогтердің өзі «шпаргалка» қолдануды әдетке айналдырған – Д. Смағұлов

2020 жылы  Ұлттық біліктілік тестілеуі кезінде Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық тестілеу...

Қайырымды істер марафонына елорда студенттері қосылды

Қайырымды істер марафонына Нұр-Сұлтан студенттері қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жастары астанадағы қарттар үйінің ауласын тазартып, қайырымды істер бастамасына қосылды. Ел Тәуелсіздігінің...

Вице-министр сапасыз ЖОО-лардың барлық былығын әшкере етті  

Білім сапасын қамтамасыз ете алмаса да, дипломдарды оңды-солды беріп жатқан жоғары оқу орындарының жабылуы – елдің және Қазақстанда өмір сүретін әрбір азаматтың қауіпсіздігіне тікелей...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек — сенатор

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын ЮНЕСКО шеңберінде атап өту керек. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен отырыста сенатор Алтынбек Нұқұлы бір топ депутаттардың атынан...