26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Атырауда Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау қаласында Тәуелсіздік күні қарсаңында Самал ықшамауданындағы 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласындағы жаңадан пайдалануға берілген жалпы білім беретін №29 орта мектептің лентасын қиып, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Еліміздің бас мерекесі қарсаңында қаламыз тағы бір білім беру ошағымен толықты. Бұдан былай 831 бала заманауи талапқа сай бой түзеген осы жаңа мектепте білім алады. Олар бұған дейін қаладағы басқа мектептерде оқып келген болатын. Тәуелсіздік жылдары білім беру саласына айрықша көңіл бөлінді. Өйткені, қуатты мемлекет құру үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу керек екені сөзсіз. Сондықтан педагогтардың мәртебесі көтіріліп, жалақысы жылда артуда. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы да тұрақты түрде жаңартылуда. Облысымызда білім беру саласын дамытуға баса мән беріледі»,- деді өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Оның сөзінше, 1991 жылдан бері тек Атырау қаласының өзінде 23 мектеп салынған. Биыл күн санап өсіп келе жатқан қалада 2 мектеп ел игілігіне берілген. Ал 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, үшеуінде аяқталды.

 

Облыс басшысы «Береке» ықшам ауданында 1200 орындық, ал Дамбы ауылында 300 орындық жаңа мектеп салынып жатқанын да атап өтті. «Келер жылы Жаңаталап ауылында 300 орындық, «Балауса» ықшам ауданында 600 орындық, Ақжар-2 ауылындағы 600 орындық мектеп пайдалануға беріледі. Қала мектептеріндегі орын тапшылығын шешу үшін бірқатар жұмыстар жасалуда. Атап айтқанда, 4 мектептің жанынан қосымша 120 орындық жапсаржай салынды»,-деді.

Ал, ғимараты апатты жағдайдағы №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектеп орнына алдағы уақытта 160 орындық жаңа ғимарат салу жоспарлануда екен. Облыс басшысы Махамбет Досмсұхамбетов «Мұның барлығы Тәуелсіздіктің тірегі — жас буынның сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайлар. Өйткені, сапалы білім ғана саналы ұрпақтың қалыптасуына ықпал етеді. Осы мақсатта Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып арнайы жол картасын дайындап жатқанымызды айта кеткім келеді» — деді.

Үш қабатты мектеп ғимаратында 200 орындық акт залы мен 130 орынға арналған асхана, жаңа үлгідегі психология кабинеті мен медициналық пункттер бар. Су жаңа білім ошағы заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...