Home Жаңалық Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

0

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр.

“10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған. Оның 179–ы қашықтан (қаладан тыс жерлерден келген оқушылар саны – 15, оның ішінде оффлайн режимде – 2) оқығандар.

Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілді. 8 жағдайда мектеп оқушылары және 1 жағдайда оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған”, – деді елорданың бас санитар дәрігері.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version