14 C
Нур-Султан
23.06.2021

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтанда мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты.

Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылып жатыр.

«10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды.

Оқу жылының басынан бері барлығы 224 оқушы ауырған. Оның 179–ы қашықтан (қаладан тыс жерлерден келген оқушылар саны — 15, оның ішінде оффлайн режимде — 2) оқығандар.

Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілді. 8 жағдайда мектеп оқушылары және 1 жағдайда оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған», — деді елорданың бас санитар дәрігері.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...