26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Педагогтердің еңбекақысын уақтылы төлемеген лауазымды тұлғалар жазаланды

Бюджет қаражатын сапасыз жоспарлағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысында 6 лауазымды тұлғаға қатысты шара қолданылды, олар: білім бөлімдерінің басшылары, бас бухгалтерлер және экономистер.

Жамбыл облысында 5 лауазымды тұлға жазаланды.

Қарағанды облысында білім бөлімінің бас бухгалтері, Павлодар және Ақмола облыстарында білім бөлімдерінің бас экономистері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысында инклюзивті сыныптарда өткізген сабақтары үшін педагогтердің еңбекақысын төлемеу фактісі анықталды. Білім бөлімінің басшысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта өңірде мұғалімдер алдындағы қарыз толық өтелді.

Педагогтердің еңбекақыларын уақтылы төлемеу фактілеріне жол бермеу мақсатында БҒМ облыс және аудан әкімдеріне және өңірлік еңбек жөніндегі инспекцияларына тиісті хаттар жолдады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...