26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Петропавлда қазақ мектеп-гимназиясына Абай есімі берілді

Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясы бұдан былай Абай есімімен аталатын болды.
Петропавлдағы 19-ықшам ауданда орналасқан қазақ мектеп-гимназиясына Абай есімі берілді. Асқар Мамин кеше Үкіметтің қаулысына қол қойды.

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы 2007 жылы бой көтерді. 1100 балаға шақталған білім ордасында бүгінде 1046 оқушы оқиды. Даярлық сыныптары, 50 балаға шақталған шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке Абай есімінің берілуімен енді оқу бағдарламасына біраз өзгеріс енгізілмек.

«Біз бұл хабарды бір жылға тарта күттік. Пандемияға байланысты созылып кетті. Республикадағы Абай мектептерінің желісіне кіріп отырған 17-ші мектеппіз. Абай есімінің берілуі бізге зор жауапкершілік артады. Әрине, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын боламыз. Қазір бұл пәндерге аптасына 3 сағат қана берілсе, оны жаңа оқу жылында екі есе арттырамыз», — дейді Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының директоры Бұлбұл Ахмадиқызы.

Биыл сәуір айында білім ордасында Абай орталығы ашылды. Ол 6 бөлімнен тұрады. Мұнда қазақтың мәдениетін паш ететін музей ашылған. Орталықта мамандар дарынды балалармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, QR-коды бар арнайы стенд арқылы еліміздегі Абай мұражайларымен танысуға болады.

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, биыл өңірде тағы екі мектептің атауы өзгерді. Булаев қаласындағы №4 орта мектепке Мағжан Жұмабаевтың есімі берілсе, Жамбыл ауданы Пресновка елдімекеніндегі жалпы білім беретін орта мектеп енді Қожаберген жырау есімімен аталады.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...