Қауіпсіздік сертификатын қалай орнатады?

«Кселл» АҚ Kcell және аctiv абоненттеріне Интернетке қолжетімділігі бар дербес құрылғыларға «Қауіпсіздік сертификатын» орнату қажеттілігі туралы хабарлайды.

Дербес және есептік деректердің, сондай-ақ қазақстандықтардың банктік шоттарынан ақшаның ұрлану жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты, ақпараттық кеңістікті хакерлерден, интернет-алаяқтардан және түрлі киберқауіптерден қорғаудың тиімді құралы болатын қауіпсіздік сертификатын енгізді.

Қауіпсіздік сертификатын енгізу ақпараттық жүйелер мен деректерді қорғауға, сондай-ақ еліміздің ақпараттық кеңістігі жүйесіне, жеке, соның ішінде банктік секторға интернет-алаяқтардың хакерлік, кибершабуылдарын зиян келтіргенге дейін анықтауға көмектеседі.

Қауіпсіздік сертификаты — бұл шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қамтитын трафикті өткізу үшін қолданылатын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы. Осылайша, ол Интернет желісінің қазақстандық пайдаланушыларын хакерлік шабуылдардан және заңға қайшы контентті көруден қорғауға мүмкіндік береді.

Заңнаманың талаптарына сәйкес байланыс операторлары байланыс қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан абоненттері арасында қауіпсіздік сертификатын таратуды қамтамасыз етеді.

«Қауіпсіздік сертификатын орнату Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір құрылғыдан (iOS/Android негізіндегі мобильді телефондар және планшеттер, Windows / MacOS негізіндегі дербес компьютерлер және ноутбуктер) орындалуы қажет екеніне назарыңызды аударамыз. Абоненттік құрылғыларда қауіпсіздік сертификаты болмаған жағдайда, жекелеген интернет-ресурстарға қол жеткізуде техникалық шектеулер туындауы мүмкін», деп хабарлады «Кселл».

Қауіпсіздік сертификаттарын жүктеу сілтемелері:

Kcell

Activ

Beeline

Altel

Tele2

Еске сала кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге бүгіннен бастап елордада «Кибер-қауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» оқу-жаттығуын өткізеді.

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version