14 C
Нур-Султан
23.06.2021

Ақмола облысында 1 қыркүйектен бері 68 оқушы коронавирус жұқтырған

Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан бері 68 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлады Қазбілім порталы ҚазАқпарат  агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз күн сайын оқушылар арасында коронавирус жұқтыруды анықтау бойынша мониторинг жүргізіп отырамыз. Ақмола облысында оқу жылы басталғаннан бері 68 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 23 жағдай кезекші сыныпта және 45 жағдай қашықта оқитын балаларда тіркелді. Бұл балалармен байланыста болған 291 оқушы анықталды және олардан арасында вирус белгілері табылмады», — деді Айнагүл Мусина.

Сонымен қатар, ол облыстағы мектепке дейінгі білім мекемелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы тіркелгенін атап өтті.

Оның ішінде Көкшетау қаласында–17, Астрахан ауданында– 2 және Аршалы, Бурабай, Біржан сал және Жарқайың аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

Ал, мектепке дейінгі білім мекемелерінде тәрбиешілер арасында зертханалық зерттелген расталған 8 жағдай тіркелді.

Нақтырақ алғанда, Көкшетау қаласында – 6 жағдай және Бурабай ауданында – 2 жағдай.

Айта кетейік, осыған дейін облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина Ақмола облысы коронавирус бойынша қауіптіліктің «қызыл аймағына» енгенін атап өткен болатын.

Қазіргі кезде өңірде коронавирус инфекциясының таралуына талдау жүргізілуде.

Осының нәтижесі бойынша аптаның соңында карантиндік шектеулерлді күшейтуге қатысты нақты шешім шығару жоспарланған.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...