12 C
Нур-Султан
10.05.2021

«Дарын» сыйлығының биылғы иегерлері анықталды

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері анықталды.

Аталған сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі.

«Эстрада» номинациясы бойынша сыйлық Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Дәрия Оңалғазықызы Болсанбек және Бексұлтан Талғатұлы Кенішқалиевке берілді.

«Классикалық музыка» аталымында Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Қалқаман Бағдатұлы Дүйсембаев және аталған университет студенті Жібек Қанатқызы Мүсірғалиева үздік деп танылды.

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМК солисі Мұқият Асқар және Қызылорда облыстық филармониясы КМК әртісі Күнсұлу Түрікпенқызы Түрікпен марапатталды.

«Әдебиет» номинациясы бойынша «Әдебиет порталы» интернет жобасының қызметкері Арман Манарбекұлы Шеризатов озып шықты.

«Театр және кино» номинациясы бойынша Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері Әбілмансұр Әбдінасырұлы Серіков және Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері Жасқайрат Сәбитұлы Валиуллиев жеңімпаз атанды.

«Спорт» аталымында ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің фристайл бойынша нұсқаушы-спортшысы Юлия Евгеньевна Галышева және жеңіл атлетика және пауэрлифтинг бойынша паралимпиадалық спортшы, «TSG contruction» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімі инженерінің көмекшісі Жігер Мәлікұлы Кенжеғалиев жүлде алды.

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша зергер, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі Ардақ Отанғалиұлы Әбішев және «Zeken Moda» ЖШС бас дизайнері Ақбота Жолдасбекқызы Тоқтасынова марапатталды.

«Журналистика» номинациясы бойынша «Хабар» агенттігі« АҚ «Хабар 24« телеарнасының журналисі Рауан Ерұзақұлы Мыңбаев және «Қазақстан« республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының жетекші редакторы Әсем Бақытқызы Сартбаева топ жарды.

«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы «»Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Споткай Максим Александрович және «Қазақстан жастарының конгресі» қауымдастығы ЗТБ атқарушы директоры Тоқтар Коммунарұлы Болысов марапат алды.

«Ғылым» номинациясы жүлдесін ҚР Білім және ғылым министрлігі «М.Ә. Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» ШЖҚ РМК ғылыми қызметкері Жүсіпбек Еркінұлы Мұқатаев және «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының докторанты Әсем Нұржанқызы Әшімова иеленді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Асхат Аймағамбетов. Біз балаларымыз үшін барынша қолайлы жағдай жасаудамыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеу өтіп жатқан пунктердің біріне барып, талапкерлермен әңгімелесті. Бұл туралы ол өзінің ФБ әлеуметтік желісінде...

Мектептердегі карантин талаптарының бұзылуы: 312 тұлғаға 29 млн теңге айыппұл салынды

Қазақстанда бірқатар мектепте маска режим сақталмаған, арақашықтық белгілері қойылмаған, бөлмелерге ылғалды тазалау және залалсыздандыру жүргізу кестесі бұзылған, сыныптардағы парталар арасындағы қашықтық сақталмаған. Сондай-ақ бактерицидтік...

Баланы мектепке қай жаста берген жөн — фин ғалымдарының зерттеуі

Финляндия елінің ғалымдары бүлдіршіннің жасы оқу үлгеріміне әсер ететінін айтады. Яғни, жылдың соңында дүниеге келген баланың үлгерімі жылдың басында туғандарға қарағанда нашарлау болады. Турку университетінің...

Үкіметтен бір тиын сұрамай, ауылында көпір салуға бас-көз болған мұғалім

Бүгінгі кейіпкеріміз – Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғыны Ақат Рақышев. Оның есімі биылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында кеңінен танылды. Ауылдағы мектепте көркем еңбек...

Қошке Кемеңгерұлы. Жат тіл оқыту әдісі

Тіл оқыту әдістері толып жатса да, ең жақсы әдіс туралы мәселе дұрыс шешілген жоқ. Сонда да тіл оқыту әдісін қарастырушылар негізінде екіге бөлінеді. Бірінші ағымдағылар...