Home Жаңалық Республикалық Qazbilim орталығының Ұлттық тестілеу орталығымен бірлескен жобасы бүгін басталады

Республикалық Qazbilim орталығының Ұлттық тестілеу орталығымен бірлескен жобасы бүгін басталады

0

Республикалық Qazbilim орталығы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 2021 жылдың түлектеріне арналған жаңа жобаны бүгін, 26 қазанда бастайды. ҰТО тарихында алғаш рет қолға алынып отырған үшжақты бірлескен жобаға Dostyk (Educon) білім беру орталығы да атсалысады. Жоба ҰБТ өтетін 2021 жылдың маусым айына дейін жалғасады.
Еліміздегі аталған екі ірі білім беру орталығының мұғалімдері YouTube каналы арқылы тікелей эфирде әр пән бойынша тегін сабақ өтеді. Бұл сабақтардың ерекшелігі – оқушының тез түсініп, оңай қабылдауына және есте ұзақ сақтауына арналған жеңілдетілген оқу әдістері қолданылады.
Онлайн сабаққа кез келген 11-сынып оқушылары қатыса алады. Qazbilim күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Qazbilim.tv» YouTube каналында тікелей эфирде сабақтарын жүргізсе, Educon Dostyk сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.00-де қазақ тілінде, 20.00-де орыс тілінде «Testcenterkz» және «Dostyk Bilim» YouTube каналдарында тікелей эфирде сабақ өтетін болады.
Яғни бүгін 20.00-де Qazbilim Қазақстан тарихы пәнінен алғашқы сабағын бастайды. Ал ертең басталатын Educon Dostyk-тың алғашқы сабағы математикалық сауаттылық пәніне арналады. Оқушылар сабаққа YouTube арқылы қосылып, сұрақтарын жазбаша қоя алады.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version