-23 C
Нур-Султан
05.12.2020

Республикалық Qazbilim орталығының Ұлттық тестілеу орталығымен бірлескен жобасы бүгін басталады

Республикалық Qazbilim орталығы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 2021 жылдың түлектеріне арналған жаңа жобаны бүгін, 26 қазанда бастайды. ҰТО тарихында алғаш рет қолға алынып отырған үшжақты бірлескен жобаға Dostyk (Educon) білім беру орталығы да атсалысады. Жоба ҰБТ өтетін 2021 жылдың маусым айына дейін жалғасады.
Еліміздегі аталған екі ірі білім беру орталығының мұғалімдері YouTube каналы арқылы тікелей эфирде әр пән бойынша тегін сабақ өтеді. Бұл сабақтардың ерекшелігі – оқушының тез түсініп, оңай қабылдауына және есте ұзақ сақтауына арналған жеңілдетілген оқу әдістері қолданылады.
Онлайн сабаққа кез келген 11-сынып оқушылары қатыса алады. Qazbilim күн сайын сағат 20.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Qazbilim.tv» YouTube каналында тікелей эфирде сабақтарын жүргізсе, Educon Dostyk сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.00-де қазақ тілінде, 20.00-де орыс тілінде «Testcenterkz» және «Dostyk Bilim» YouTube каналдарында тікелей эфирде сабақ өтетін болады.
Яғни бүгін 20.00-де Qazbilim Қазақстан тарихы пәнінен алғашқы сабағын бастайды. Ал ертең басталатын Educon Dostyk-тың алғашқы сабағы математикалық сауаттылық пәніне арналады. Оқушылар сабаққа YouTube арқылы қосылып, сұрақтарын жазбаша қоя алады.

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Телефонға тәуелді ата-ана баласына «кітап оқы» деп айта ала ма?

Білім министріміз Асхат Аймағамбетов бірер күн бұрын балаларды кітап оқуға баулу жөнінде айтып, «қазіргі кезде PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан оқушылары оқу сауаттылығы бойынша Экономикалық...

Атырауда ауыл мектебінің оқушылары робот, дрон ​ құрастырып жатыр

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылқоға ауданындағы Сағыз орта мектебінде STEM зертханасы бар. Қазір онда 5-11 сыныпта оқитын 30 оқушы қосымша дәріс алады. «Біздің...

Оқушыларға 43 мыңға жуық ноутбук берілмек

Түркістан облысында оқушыларға онлайн білім алу үшін 43 мыңға жуық ноутбук берілмек. Бұл туралы облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев кезекті брифинг...

Шымкентте алдағы бес жылда 85 мектеп салынбақ

Шымкентте алдағы бес жылда 85 мектеп салынбақ. Бұл жайлы қала әкімі Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты. «Президент білім беру саласына басымдық берді. Қазір қалада...

ЖОО-дағы қатаң есептілік нысандарынан 11 құжат алынып тасталды

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппараттық отырысында министрліктің бірқатар бұйрығына өзгерістер енгізілгенін және оқытушылар толтыратын құжаттар көлемінің айтарлықтай қысқарғанын мәлім етті. "Тек...