25 C
Нур-Султан
26.07.2021

145 колледж 330 мамандық бойынша білім беру құқығынан айырылды – ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті барлық қазақстандық колледждің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Талдау нәтижелері бойынша 145 білім беру ұйымы 330 мамандық бойынша лицензияға қосымшаларын өз еркімен қайтарып берді (белгілі бір мамандықтар бойынша оқытуға рұқсат беретін құжат).

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова студенттерге көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыс Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорларымен бірлесе жүргізілгенін атап өтті.

«Департаменттеріміз колледждердің білім беру қызметіне мониторинг жүргізіп жатыр. Бірінші кезекте біз оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтардың, әдебиеттердің, білім беретін тиісті оқытушылардың болуына, оқуға барлық жағдайдың жасалуына назар аударамыз.

Осы жұмыстың нәтижесінде колледждер қазіргі уақытта өздерінің білім беру профиліне жатпайтын немесе біліктілік талаптарын сақтай алмайтын жекелеген мамандықтар бойынша лицензияның қосымшаларын қайтару туралы шешім қабылдады. Арасында еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар да бар.

Кейбір колледждерге белгілі бір мамандықтар бойынша студенттер оқуға мүлдем түспеген. Мысалы, педагогикалық колледж менеджерлерді даярлауға талпынса, ал экономикалық бағытта білім беретін колледж педагогтерді оқытпақ болған.

Сондай-ақ кейбір оқу орындары материалдық базасы сай келмесе де белгілі бір мамандық бойынша кадрларды дайындағысы келген. Қазіргі уақытта студенттер оқуын аяқтады, ол үшін колледждерге мүмкіндік берілді. Бұдан былай 145 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы үш жүзден астам мамандық бойынша студенттерді оқытпайтын болды. Сондықтан ата-аналар мен оқушыларға алаңдаудың қажеті жоқ. Ешқандай проблема туындаған жоқ», – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Бірқатар өңірлерде көше, мектеп, университет атаулары өзгерді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссия қортындысы бойынша мемлекет меншігіндегі обьектілерге, мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға және басқада кейбір құрамдас бөліктеріне атау...

Болашақ журналистерге: Шығармашылық емтиханды қалай тапсырамыз?

ҰБТ тапсырғаннан кейін бірден университетке түсіп кетемін деген түсінік жоқ. Әрине, бұл шығармашылық емтихан тапсыратындар үшін. Олар үшін тестілеу – алғашқы қадам ғана. Оларды...

ҚР БҒМ комитеті күні бойғы жұмысқа тартылған 14 жасөспірімді анықтады

Кәмелетке толмаған 14 балаға қатысты еңбек заңнамасын бұзу фактілерін ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері анықтады. Министрлік мәліметіне сәйкес, жұмыс берушілер...

Магистратура түсушілер назарына…

Құрметті, кешенді тестілеуге (магистратура) қатысушылар! 2021 жылдың 18 маусымында басталған магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу 15 шілдеде аяқталады. Магистратураға түсушілерге кешенді тестілеуге қатысуға өтініш...